A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Абаттандыру АБАТТАНДЫРУ



Аудандағы көріктендіру жұмыстары


Сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау «Алматы Қала Жарық» МКМ Мердігер ұйымымен жүргізіледі. Ауданда 377 көшеде қашықтығы 458,2 шақырымды құрайтын 13 496 жарық көздері, және сыртқы жарықтандыруды басқаратын 157 шкаф бар.

Сыртқы жарықтандыуды жаңғыртуға және жаңа жарықтандыру жолдарын салуға 271 202 мың. теңге бөлінді.Қазіргі танда Бұқтырма және Майлин көшелерінде сыртқы жарықтандыру бағаналары ауысып, жалпы саны 438 дана жаңа светодиоттышамдар қойылды.

Сонымен қатар «Жас- Канат» ықшам ауданы, Кайрат ықшам ауданы, Рыскулов көшесі, РВ-90, Красногорск, Суонио, Новокузнецк, Поддубный көшелерінде сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіріліп, Альмерек ықшам ауданы сыртқы жарықтандыруға қосылды.(132 дана шам қойылды).

Ауданның жоғарғы бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар 42 көше, ұзындығы 90 шақырым, 161 қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілерге арналған ұзындығы 91 шақырымды құрайтын 34 көше және 20 көше бойынша қашықтығы 57 шақырымды құрайтын арық желісін тазалауды және күтіп ұстауды «Алматы Тазалық» МКМ мердігер ұйымы жүргізеді.

Ауданның төменгі бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар, ұзындығы 89 шақырымды құрайтын 83 көшені, ұзындығы 23 шақырым        14 жаяу жүргіншілер жолын және 39 қоғамдық көлік аялдамаларымен 3 көше бойынша арық желісін күтіп және тазалауды «Алматы Дормеханизация» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді

Жергілікті маңызы бар қашықтығы 230,8 шақырым 287 көшені және 27,8 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған 41 көшені, қашықтығы 13 шақырымды құрайтын 12 көше бойынша арық желісін тазалау жәнекүтіп ұстауды «КМС ГРУПП РК» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді

«Мамедов С. Т»ЖК жасыл желектерді санитарлық кесу және қырқу бойынша жұмыстарды жүргізуде, жоспар бойынша кесу 3 000 бірлік, , қырқу бойынша 400 бірлік ағаш кесу толық орындалған. Сонымен қатар Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Боролдай көшелеріндегі 3 жер асты, Майлин, Сүйінбай көшесіндегі 4 жер үсті өткелдерін күтіп ұстау мен қамтамсыз ету жұмыстарын жүргізеді.

4 АОӨК СҚҚ-3 мердігер ұйымымен бұрын егілген 4 383 бірлік ағаштарды күту және қосарланған 11 200 ағашты қалыптап кесу жұмыстары жүргізіледі.

«ЗараГранд» ЖШС мердігерлік ұйымымен, жасыл желектерді қорғау 61,6 га бойынша жұмыстар атқарылды.

2018 жыл бойынша Түрксіб ауданында 30 ға жуық сенбілік және Баум тоғайында 2 қалалық сенбілік өткізілді, тоғайда 20 отыратын орын, 25 жол сілтемелері және жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар күнделікті бақылауға арналған 4 полиция бөлімшелері орнатылып және 140 ескі қоқыс жәшіктері ауыстырылды.

«NFK Group» ЖШС мердігер ұйымымен 8,6 га құрайтын 11 сквер және 2 саябақты, бөлу жолақтары мен басқа да жасыл аймақтарды күтіп ұстау жұыстары жұргізіледі.

Ағымдағы жылы «Вокзал алаңындағы» А.Жангелдин атындағы саябақта «Ладомир Строй» ЖСШ-тік мердігер ұйымымен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Балалар саябағы және Ауған, Буденный скверлері тағы да Әуежай көлінің жағалауын, Шолохов көшесінің қиылысын жаяу жүргіншілерге арналған жол жасау жоспарланып отыр.

«Еңбек- Өскемен» ШЖК-РМК мердігер ұйымымен Боролдай көшесі, Шолохов көшесі және Сүйінбай даңғылындағы жол асты жаяу жүргіншілер өткелілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайды және сел жүру кезеңінде су тасқынын алдын алу, сондай –ақ су қорғау белдеуін абаттандыру мақсатында. Бұқтырма көшесі бойындағы «Әуежай» көліне гидротехникалық құрылымда апаттық-жөндеу жұмыстарын жүргізу мен табиғи сипатта төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әуежай көлінің жаяу жүргінші өткелінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, балаларға арнап ойын және спорт, футбол алаңы салынды.

Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп ЖШС «Высотник» мердігер ұйымымен Рысқұлов даңғылынан Менжинский көшесіне дейін 3,5 шаршы шақырымды құрайтын «Бас Қарасу» өзені жағалауын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жобада 4 жаяу жүргінші өткелі мен балалар ойын алаңы салыну көзделуде.

Өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту, өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары Коммунаров 1, 1а және Коминтерна көшесі қиылысы, Беляков көшесі 21, 26, Якубов көшесінің тұрғын үйлерді су басудың алдын алады. Сондай-ақ Новосибирск көшесінен бастап Якубова көшесіне дейін 2,5 шаршы шақырым «Кіші Алматы» өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту арқылы өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Кіші Алматы» өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары Рысқұлов даңғылынан бастап Волочаевский көшесінің бойымен Айша Бибі ықшам ауданы соңына дейін жасалды, және де екі автокөлік өткелі қалпына келтірілді.

Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар басқармасымен ағымдағы жылы қашықтығы 9,5 шақырымды құрайтын        14 көше жөндеу жұмыстарынан өткізілді олар: (Зорге,. Осипенко, Станкеевич, Ақан Сері, Красногорски, Сүйінбая даңғылы қиылысы, Ровенскі, Глазунов, Кировоградски, Майлин, Щербаков, Соболев, СМУ кенті, және Захаров, Иванов көшелері).

15 көше бойында (Сейфуллин даңғылы, Толстов көшесі, Огарев, Котельникова, П. Коммуны, Чернышевски, Шымкент, Стахановскі, Буденный, Лавренев, Чехов, Закарпатски, Спартака, Станкеевич және Жулдыз ықшам ауданы) қашықтығы 6,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

2019 жылғаАлматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар басқармасына жөндеу жұмыстары бойынша қашықтығы                  24,9 шақырымды 39 көше және жаңадан қосылған елді мекеннің 17 көшесі бойынша хат жолданды.

Ағымдағы жылы Сүйінбай даңғылы Элеватор көшесінің қылысын кеңейту жұмыстары жоспарлануда және де Алматы қаласының табиғии ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына өзендердің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары бойынша және қашықтығы 22,3 шақырым арық желісін салуға хат жолданды.