A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



11.10.2016 г. Мемлекеттік кіріс басқармасындағы заңдылықтың сақталуы


11.10.2016 г.  Мемлекеттік кіріс басқармасындағы заңдылықтың сақталуы                                 

   

       Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасының мәжіліс залында қызметкерлер арасында заңдылықты сақтау тәртібін бекіту тақырыбы бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.  

Бұл іс-шараға Түрксіб ауданы прокурорының орынбасары Жылысбаев Бауыржан, Түрксіб аудандық «Нұр Отан» филиалы төрағасының орынбасары Әжібаев Нұрланбек Ескедірұлы, аудан әкімінің кеңесші-үйлестіруші міндетін атқарушы Әбділдина Салтанат Болысқызы,аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының қызметкерлері, Түрксіб ауданы бойынша Алматы қаласы мемлекеттік кіріс басқармасының басшылары.

        Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының,Түрксіб аудандық «Нұр Отан» филиалы төрағасының орынбасары Әжібаев Нұрланбек Ескендірұлы, аудан әкімінің кеңесші-үйлестіруші міндетін атқарушы Әбділдина Салтанат Болысқызының тақырып төңерегінде жасалған баяндамаларын қатысушылармен бірге тыңдаған аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев келесідегідей шешімді бір ауыздан қабылдады:     

-        Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы қызметкерлері арасында заңнаманы және тәртіпті сақтау,мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіретін тұлғалардан тазарту   бойынша жұмыстарды жалғастыру. Орындалу мерзімі үнемі.

-        жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті қоғамда қалыптастыруға және  жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесіне бағытталған кешендік шараларды жүзеге асыру және дайындау. Орындалу мерзімі үнемі.

-       жемқорлық жолын алдын алу бойынша негізгі жұмыстарды, аталған мәселе бойынша арнайы мекеме өкілдерін қатыстырып семинар және лекция өткізу жұмыстарын жалғастыру; Орындалу мерзімі үнемі.

-       Жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселесі бойынша Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен тығыз байланыс жасау.