A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Оқу бөлімі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауы


Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Түрксіб аудандық оқу бөлімі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтау бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кезекті отырысқа аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызы, аудан әкімінің кеңесшісі-үйлестірушінің міндетін атқарушы О.Т.Убулов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және аудандық қызмет басшылары, аудандық оқу бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Аталған шарада аудандық Оқу бөлімінің басшысы А.Ботаеваның және аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызының өз қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасындағы талаптарды орындау туралы баяндамалары тыңдалды. Тыңғылықты дайындалған баяндамалар тыңдалып болғаннан кейін олар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өз ұсыныстарын білдірді. Одан кейін үйлестіру кеңес мүшелері осы жиын қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша мынадай шешімдер қабылдады:

- Ата-аналардың қосымша ақша жинауға қатысты барлық шағымдары бойынша оқу мекемелеріндегі басшыларға қызметтік (заң өкілдері)тексеру жүргізіп,ұйымдастыру-кадрлық мінездемемен шара қабылдау;

- жергілікті атқарушы органдардың сайттарына және БАҚ білім саласындағы сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы ақпараттық-талдау материалдарын үнемі енгізу.

- Аудандық оқу бөлімін «Нұр Отан» партия филиалымен сыбайлас-жемқорлықпен күресуді ұйымдастыру мәселесі бойынша тығыз байланыс орнату;