A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді


Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында қылмыскерлікпен күрес және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша аудандық Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Үйлестіру кеңесінің отырысында Түрксіб аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы Заңнамасын сақтау туралы мәселе қарастырылды. Кеңестің отырысына «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қазытайқызы Сақыш, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Убулов Османжан Тұрсынұлы, аудан әкімінің орынбасарлары,әкім аппаратының бөлім басшылары, аудандық қызметтер мен құрылымдарының басшылары, аудандық Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқарманың қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде аудандық Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма басшысы М.К Әкімжанов, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қазытайқызы Сақыш, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Убулов Османжан Тұрсынұлының тақырып төңерегінде жасаған баяндамалары тыңдалды. Қатысушылардың баяндамалары мен пікірлері тыңдалғаннан кейін Үйлестіру кеңесі мынадай шешім қабылдады:

- Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма қызметкерлерінің арасында заңдылықты және тәртіпті бекіту туралы,ұжымнан мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіретін тұлғалардан аластату жұмыстарын жалғастыру, аталған мәселемен айналысатын мекемедегі мамандармен үнемі лекция және семинарлар өткізу, 2011-2015 жылға арналған жемқорлыққа қарсы жасалған Алматы өңірлік Жоспардың сапалы аяқталуы бойынша қосымша шаралар қабылдау, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен тығыз байланыс жасау.