A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Түрксіб ауданы әкімі аппаратындағы 2016 жылдың I жартыжылдық сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат


    Түрксіб ауданы әкімі аппаратындағы 2016 жылдың I жартыжылдық сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты (бұдан ары – аудан әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы  №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» заңының 8 бабы 1 және 5 бөлімін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылдың 29 желтоқсаннан «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес №18 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі №105 өкімімен жұмыс тобы құрылды (бұдан ары – жұмыс тобы).

Жұмыс тобының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асыруы мынадай болып табылады:

1) бөлімшенің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялануы;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Жұмыс тобымен аудан әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық актілер зерттелді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, Түрксіб ауданы әкімі қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық-әкімшілік, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Аудан әкімі аппаратының әкімшілік-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі бойынша 2016 жылдың I жарты-жылдығы келесі бағыттар бойынша талқыға салынды:

Есептік кезеңде әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемелік бекіту туралы 1 шешімі және атқарушы органның негізгі қызметі бойынша 99 өкім қабылданды.

Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркелген.

I жарты-жылдықта кадрлардың ауысуы:-5 бірлікті құрады, одан: 2- қызметкер жұмыстан өз ерікімен, 2-қызметкер басқа жұмыс орнына ауысуна байланысты және 1-қызметкер штаттың қысқартылуына байланысты босатылған.

Аудан әкімінің аппаратында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы заңының» талабына сәйкес протекционизмге (тамыр-таныстық) және мемлекеттік қызметте көтерілуде топтық байланыстың қайшы іс-әрекеттеріне қарсы жұмыс жүргізілуде, жұмысқа қабылдау және тағайындау қатаң конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Түрксіб ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес он мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Түрксібауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.

АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет түрі – 7544, оның 5746 – ХҚКО, электронды портал арқылы – 1798 қызмет түрі көрсетілген.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. Аталған қызмет түрі Стандартқа сәйкес 30 күнде көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.

Түрксіб  ауданы әкімінің аппаратына 2016 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан-314 өтініш, ал заңды тұлғалардан-71 хат келіп түсті.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданы әкімінің аппарат басшысымен 2016 жылға арналған Түрксіб ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жоспары бекітілді.

Бекітілген жоспар бойынша, тоқсан аралығында ауданәкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс ұйымдастырылып отырады. Аталған іс шара аудан әкімінің интернет- ресурсында   жарияланып отырады.

Жиналысқа  Түрксіб ауданы әкімі  аппаратының қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, шағын кәсіпкерлік, аудандық қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Түрксіб  ауданы әкімінің аппаратымен бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Түрксіб  ауданына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттiк сатып алу интернет -ресурс арқылы ашық өткізіледі.

Осыған орай, Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы әкімшілігіне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы апталық есеп беріп отырады.

Аудан  әкімінің аппараты осы жылдың 6 ай аралығында Алматы қаласы Мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына 2 талап арыз берілді.аталған талап арыз сотпен толық қанағаттандырылды.

Жоғарыда айтылғандай,  Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. 

 

 

Түрксіб ауданын әкімінің

 аппаратының  басшысы                                Б.Қарсақбаева                                                                                                 

                                       

Мемлекеттік- құқық бөлімінің

бас маманы                                                        Р.Тұраров  

 

 

  Р. Тураров

    Сыбайлас жемқорлық

    тәуекелдеріне ішкі

    талдау жүргізу туралы

жұмыс тобын құру

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                              №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы                 №18  «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына  сәйкес, аудан әкімі ӨКІМ ЕТТІ:

1. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылып, құрамы   осы өкімнің           1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Түрксіб ауданы әкімінің аппаратының бөлім басшылары бөлімнің жұмысына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Қарсақбаеваға  жүктелсін.

4. Өкім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Аудан әкімі                                                                             В.Устюгов

                                       

Енгізеді:                          

Аппарат басшысы                                                                Б.Қарсақбаева

 

 

 

Дұрыс:

Мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысы                                                             Ф.Степанов                                                                                         

 



 

 

2016 жылдың 6 айы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен танысу

 

Жұмыс тобының құрамы

Аты-жөні

Лауазымы

Қолы

1.

Қарсақбаева  Баян  Қоқымбайқызы

аудан әкімі  аппаратының басшысы

 

 

Жұмыс тобының хатшысы

2.

Тураров Руслан  Қамбарұлы

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы

 

                                         

Жұмыс тобының мүшелері

3.

Тажибаев Мухтар  Ілясұлы

аудан әкімінің орынбасары

 

4.

Байділдаев Болат  Досмағамбетұлы

Романұлы

аудан әкімінің орынбасары

 

5.

Ұзақбаева Бақыт Тілектесқызы

Персоналды басқару қызметі  бөлімінің басшысы

 

6.

Степанов Федор Павлович

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

 

7.

Абдикеримова Жанна Еділқызы

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

8.

Дюсембаева Жанна Алимжановна

Азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

 

9.

Лукманова Қарашаш Имашқызы

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

 

10.

Жалғасбаев  Борис Мухтарұлы

Көріктендіру бөлімінің басшысы

 

11.

Бекетаев  Айдос  Халиллолаұлы

Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы

 

12.

Сагиндиков  Қанат Амангельдыұлы

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы 

 

13.

Смагулова Назгуль

Буранхановна

Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы

 

14.

Алимбетов  Қанат Аманбайұлы

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

 

 

14.07.2016 жыл