A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


                                                                     Бекітемін

                                                                  Алматы қаласы                                                   

                                                Түрксіб ауданының әкімінің                                                                                                   

                                                      аппаратының  басшысы               

                                                                   _____________Б.Қарсақбаева                          

                                                                   «____»__________2016 жыл

«Алматы қаласы  Түрксіб ауданы әкімі аппараты» КММ

 сыбайлас жемқорлыққа   қарсы  стандарты

 

Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің  практикалық ұсынысын  алдыға алып, аудан әкімі аппаратымен 2016 жылдың 2-жарты жылдығына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау өткізілді.

-         «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жүргізу туралы  жұмыс тобын құру» жөнінде 09.12.2016ж. №185 өкім шығарылды. Аталған өкіммен анықталды: басшы, хатшы және жұмыс тобының мүшелері.

-         2016 жылдың екінші жарты жылдығында Түрксіб аудан әкімінде  нормативтік-құқық актілері қабылданбаған.

 

Персоналды  басқару:

 

2016 жылдың 2-жарты жылдығында өз еркімен бір қызметкер жұмыстан босатылды. Түрксіб аудан аппаратына жұмысқа әр түрлі лауазымға 8 қызметкер қабылданды. Барлық  қызметкерлер  конкурстық комиссиядан өтті. Кадрдың орын аусуы қызметкерлердің қызмет бойынша жоғарлауына және   басқа бөлімшіге аусуына және өз еркімен кетуіне байланысты болады .

   2016 жылда бақылау органдармен әкім аппаратының  қызметі  тексерілмеген. Талдау жүргізу барысында жұмысқа алынға қызметкерлердің аффиляциялық фактысы белгіленбеген.

 

Егесті реттеу:

 

Түрксіб аудан әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және мемлекеттік  сатып алу Ережесіне  сәйкес қатаң  өткізіледі. Мемлекеттік  сатып алу процедурасы (хабарландырудан бастап қортындысы шыққанға дейін) әкім аппаратының  интернет ресурсында  орналастырылады. Бақылау органдармен мемлекеттік сатып алу жүйесінде заңның бұзу факторлары айқындалмаған.

   Аудан әкімдігінде  жақын туысқандардың, ерлі-зайыптылардың және нағашыларының  бірге жұмыс істеген факторлары  тіркелмеген.

Мемлекеттік  қызмет көрсету :

 

Мемлекеттік қызмет көрсеткенде ( АХАТ қызметкерлерімен, спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру бойынша  аудандық комиссиясы)  белгіленген  уақытта орындалмаған факторлары айқындалмаған. Мемлекеттік  қызмет көрсету ҚР қолданылып жүрген заңына және басқа да  нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес қатаң  өткізіледі. Ішкі талдау  жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетуден бастарту, уәкілетті органдармен  қарастырылмаған құжаттарды сұратып алдыру фактілері, сыбайлас жемқолық тәуекелдері тіркелмеген.

  АХАТ қызметкерлері және Алматы қаласы Түрксіб ауданының мүлікті жария ету комиссиясы жеке  құжаттарды қабылдау кезенінде   жемқорлықтың белгілі тәуекелділігі бар.    

   Аудан әкімі аппаратында  басқа да мемлекеттік қызмет көрсету қызметі  жоқ.

 

Рұқсат  беру қызметтерін орындау

 

Қолданылып жүрген заңына байланысты Түрксіб аудан әкім аппаратының қызметкерлері  рұқсат  құжаттарды  беруге  міндеттелмеген.

 

Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

 

Түрксіб аудан әкім аппаратының қызметкерлері  бақылау функцияларымен  міндеттелмеген. Әкім аппаратының қызметі ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» заңына сәйкес бағытталған: хабарлама-талдау жасау, ұйымдастыру-құқықтық, аппараттың  және Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің қызметін затты-техникамен қамтамасыз ету және аудан аумағында тәртіп және қауіпсіздік  шараларын ұйымдастыру жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; әкімнің тапсырмасы бойынша аппараттың және аудан әкімінің   мүддесін ұсыну және қорғау, прокурордың актысын қарау; Алматы қаласы Түрксіб аудан аппаратының кеңсе ісін жүргізу  және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс т.б.; кеңсе ісін мемлекеттік тілде жүргізуді кезеңмен енгізу; аудан әкімінде және оның орынбасарларында кеңес өткізуді  ұйымдастыру, аудан әкімінің  шешімдерінің  және өкімдерінің жобасын дайындау, оларды тарату және сақтау, қолданылып жүрген заңына және «Түрксіб аудан әкім аппаратына» КММ жүктелген басқа да қызметін көрсету.

2016 жылдың 2-жарты жылдығында бақылау органдармен Түрксіб ауданы әкімі аппаратының  қызметі  тексерілмеген.

             «Алматы қаласы Түрксіб ауданы аппарат әкімінің» КММ  сыбайлас жемқорлыққа   қарсы  стандарт  аудан әкімінің  интернет  

 ресурсына енгізілген.