A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


Бекітемін
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы әкімі
аппаратының  басшысы                              
____________Б.Торламбаев

«____»__________2017 жыл


                                  «Алматы қаласы  Түрксіб ауданы әкімі аппараты» КММ

 сыбайлас жемқорлыққа   қарсы  стандарты

 Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдауын өткізу бойынша

 практикалық ұсынысын  ескере отырып, аудан әкімі аппаратымен 2017 жылдың 1-жарты жылдығына  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдауын өткізді.

-         «Сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатеріне ішкі талдау  жүргізу туралы  жұмыс тобын құру туралы» 14.07.2017 жылы  №105 өкім шығарылды. Аталған өкіммен анықталды: басшы, хатшы және жұмыс тобының мүшелері.

-      2017 жылдың екінші жарты жылдығында Түрксіб аудан әкімінде бір  нормативтік-құқық акті қабылданды. Аталған актіге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтеді.

 Қызметкерлерді  басқару:

          2017 жылдың 2-жарты жылдығында өз еркімен 9 қызметкер жұмыстан босатылды. Түрксіб аудан аппаратына жұмысқа әр түрлі лауазымға 8 қызметкер қабылданды. Барлық  қызметкерлер  конкурстық комиссиядан өтті. Кадрлардың орын ауысуы қызметкерлердің қызметі бойынша жоғарлауына және   басқа бөлімшіге ауысуына немесе өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты болды.

          2017 жылда бақылау органдармен әкім аппаратының  қызметі  тексерілмеген. Талдау жүргізу барысында жұмысқа алынған қызметкерлердің аффилиирлену фактісі белгіленбеген.

Мүдделер қайшылығын реттеу:

 Түрксіб аудан әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу  Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және мемлекеттік  сатып алу Ережесіне  сәйкес қатаң түрде өткізіледі. Мемлекеттік  сатып алу процедурасы (мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырудан бастап қортындысы шыққанға дейін) әкім аппаратының  ғаламтор ресурсында  орналастырылады. Бақылау және қадағалау органдарымен мемлекеттік сатып алу жүйесінде заң бұзу факторлары айқындалмаған.

   Аудан әкімдігінде  жақын туысқандарының, ерлі-зайыптыларының және нағашыларының  бірге жұмыс істеу факторлары  тіркелмеген.

Мемлекеттік  қызмет көрсету:

 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ( АХАТ қызметкерлерімен, спорттық разрядтар және біліктілік санаттарын беру бойынша  аудандық комиссиясы)  белгіленген  уақытта бұзу факторлары айқындалмаған. ҚР қолданыста жүрген заңына және басқа да  нормативтік-құқықтық актілерге  сәйкес мемлекеттік  қызмет көрсету қатаң түрде  өткізіледі. Ішкі талдау  жүргізу барысында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту, уәкілетті органдармен  қарастырылмаған құжаттарды сұратып алдыру фактілері, сыбайлас жемқорлық қаупі тіркелмеген.

         Рұқсат  беру функияларын орындау:

   Қолданыста жүрген заңдарына байланысты Түрксіб аудан әкім аппаратының қызметкерлері  рұқсат  құжаттарды  беруге  міндеттелмеген.

 Бақылау функцияларын жүзеге асыру:

          Түрксіб аудан әкім аппаратының қызметкерлері  бақылау-қадағалау функцияларымен  міндеттелмеген. Әкім аппаратының қызметі ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» заңына сәйкес бағытталған: Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі және аппараты  ақпараттық-аналитикалық жасау, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалды-техникалық қызметін қамтамасыз ету, сонымен қатар аудан аумағында тәртіп және қауіпсіздік  шараларын ұйымдастыру жөнінде құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау; әкімнің тапсырмасы бойынша аппараттың және аудан әкімінің   мүддесін ұсыну және қорғау, прокурордың актісін қарау; Алматы қаласы Түрксіб аудан аппаратының кеңсе ісін жүргізу  және ұйымдастыру, оның ішінде құпия, арнайы байланыс т.б.; кеңсе ісін мемлекеттік тілде жүргізуді кезеңмен енгізу; аудан әкімінде және оның орынбасарларында кеңес өткізуді  ұйымдастыру, аудан әкімінің  шешімдерінің  және өкімдерінің жобасын дайындау, оларды тарату және сақтау, қолданыста жүрген заңдарына және «Түрксіб ауданы әкім аппаратына» КММ жүктелген басқа да қызметтерді көрсетеді

          2017 жылдың 2-жарты жылдығында бақылау-қадағалау органдарымен Түрксіб ауданы әкімі аппаратының  қызметі  тексерілмеген.