A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Түрксіб ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Жоспардың 1 тармағының орындалуы:

Түрксіб ауданы әкімінің аппаратындағы  Интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған арнайы бөлім құрылған. Мысал ретінде, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің интеренет-ресурсында «Әкімге сұрақ» бөлімі бар, әрбір аудан тұрғыны өзіне қажетті сауалдарды қойып және жауаптарын ала алады, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары да бар.

 Сайтта халықты сыбайлас жемқорлықпен күрес құқықтық ақпараттармен қамтамасыз ететін «Жемқорлықпен күрес» бөлімі жұмыс жасайды

 Жоспар бойынша атқарылған іс-шаралардң бәрі атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.

 Жоспардың 7 тармағының орындалуы:

 Түрксіб аудандық Мемлекеттік кірістер Басқармасымен бірлесе отырып кәсіпкерлік іспен айналысатын, сәйкесінше органдарда тіркелмеген жеке тұлғаларды табу бойынша жұмыстар жасалады.

 Түрксіб аудандық мемлекеттік кірістер Басқармасының ақпаратына сәйкес 2017 жылдың 1 жетлтоқсаны бойынша жеке кәсіпкер ретінде 69 салық төлеушілер тіркелген. Жұмыс осы бағытта жалғасуда.

 Жоспардың 56 тармағының орындалуы:

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының басшылары үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында («Вечерний Алматы және Алматы ақшамы») бөлімшелердің жұмысы туралы материалдарды жариялап отырады, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс-қимыл туралы.   «Алматы» телеканалында  аудан әкімі тікелей эфирде сөз сөйлеп, аудан тұрғындарының сұрақтарына срнымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтарғада жауап береді.                                 

Жоспардың 59 тармағының орындалуы:

Түрксіб ауданы әкімі аппаратыныі кіре берісінде келесідей стендтер ілінген: «Біздің міндетіміз- халыққа қызмет ету»; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Респуликасының мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының мемекеттік  қызметшілердің Этикалық кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының Ережесі)».

Аудандағы барлық мемлекеттік органдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, ЖОО, АООО-да жаднамалар өңделіп, таратылды. Жаднамаларда  сыбайлас жемқорлық сөзіне түсіндірме, азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерімен кезіккен кезінде қалай ұстау керек екендігі және жауапкершілігі туралы жазылған.

Жоспардың 62 тармағының орындалуы:

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және Алматы қаласындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылын жүзеге асыру мақсатында ауданның тіршілік әрекетіне қатысты көкейкесті мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен тікелей желілер,  интернет-конференциялар, халықпен жиындар, кездесулер өткізіліп тұрады.  

Осыған байланысты 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Жоспарға сәйкес аудандық  «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, Түрксіб аудандық ЖМҚ қызметкерлерімен «Заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау» тақырыбына мәжіліс өткізілді.

Халықтың құқықтық деңгейін көтеру мақсатында аудан әкімі аппаратының басшысымен аудан әкімі аппаратында 2017 жылға арналған жалпы құқықтық білім беруді ұйымдастыру бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Ай сайын мектептерде құқықтық білім беру бойынша оқу-тақырыптық жоспарлары жасалады.

Оқу-тақырыптық бектілген жоспарларына сәйкес жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін түсіндіру және оқыту бойынша дәрістер өткізіледі.

 Аудан әкімі аппараты келесідей құжаттарды түсіндіру мен оқытуға бағытталған: ҚР –ң «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» заңы, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР-ң «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы және басқа да нормативтік құқықтық актілер.

Дәрісті аудан әкімі аппаратының қызметкерлері прокуратура, аудандағы қызметтік және бөлімшелер қызметкерлерін, ЖОО оқытушыларын шақыру арқылы өткізіледі.

Жоспардың 74 тармағының орындалуы:

2017 жылы білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Түрксіб ауданының мектеп директорларының және аудандық «Ұстаз» кәсіподақ өкілдерінің  қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Тақырыбтары: «Білім беру мекемелеріндегі басшылардың өкілеттілік беделін түсіру тәжірибесін төмендету», «Сыбайлас жемқорлықтың мәселелерін және шешу жолдарын, педагогтардың еңбек ақысын жоғарлатуда қызметтік педагогикалық сапасын көтеру».

Диалог ретінде өткізілген жиналыстың тақырыбы: «Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты алдын алу және әлеуметтік-азаматтық кадрлармен қамтамасыз ету арқылы шешу жолдары».

 Жоспардың 88 тармағының орындалуы:

Мемлекеттік бюджеттен шыққан шығындарды қалалық қаржы Басқармасы бақылайды.

Аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу бойынша комиссия жұмысы құрылған. Мемлекеттік сатып алуды «айқындау» мақсатында Түрксіб ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында техникалық жағдайы, мемлекеттік сатып алу бойынша конкорстарды өткізу туралы қорытындылар жариялланып отырады.

Жоспардың 90 тармағының орындалуы:

Қазіргі уақытта уәкілеттілік органдармен әкімшілік кеңестерін және мәжіліс комиссияларын тікелей-трансляция арқылы өткізу үшін қажетті құралдарды қондыру жайлы келісімдер жүргізілуде.