A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Білім беру БІЛІМ БЕРУ



Мектеп жанындағы лагерьлер туралы ақпарат


Түрксіб ауданының мектеп жанындағы лагерьлердің жүргізетін жұмыстары жөнінде 
(Білім беру бөлімінен хабар)

Балаларға берілген оқу жылы аяғындағы мезгілдік демалыс уақыты әр оқушының асыға күткен қызықты шағы десек те болады. Демалыста саяхатқа шығуға , суға шомылып, атракционды серуентоғайда әткеншектер тебуге немесе жай ғана ертеден кешке дейін достарымен түрлі жаңа ойындар ойлап тауып уақыттарын өткізуге болады.

Бірақ бұл шақ біткенде жазғы демалыстан балалардың есінде ештеңе қалмайды. Ал балалардың демалысы қызықты, әрі пайдалы, әрі жоспарлы, сонымен қатар ата-аналарға ыңғайлы болса.

Мектеп жанындағы лагерлерде белсенді демалыс, сауықтыру, балалардың шығармашылығын дамыту мен оқытудың барлығы ұйымдасқан түрде қатар жүреді. Мектеп жанындағы лагерь мерзімдік жүйеде жұмыс жасайды: бір мерзімде 15 күннен 20 күнге дейін жұмыс жасайды. Тәрбиешілерге 7-ші сыныптан 9-шы сынып аралығындағы белсенді оқушыларды көмекші ретінде алады.

Тәрбиешінің көмекшілері мен демалушы оқушылардың арасында әлеуметтік-қорғалмаған балалар да бар, олар тегін тамақтанады.

Алдын ала жасалған жоспарлар бойынша күнделікті сауықтыру іс-шаралары өткізіліп отырады:

1. Таңғы жаттығулар. 
2. Балалар дәрігері, эндекринолог, көз және тіс дәрігерлері қарап шығады (дәрігерлердің белгілеуі бойынша емдеу жүргізіледі) 
3. Күнделікті шынығу: 
- күн сәулесін қабылдау арқылы емдеу; 
- суық су мен жылы суды кезекпен аяққа құйып емдеу; 
- сауықтыру жаттығуларнын ырғақты әуенмен жүзеге асыру; 
4. Фитотерапия (емдік шөптер, сироптар(тыныштандыратын құрам), дәрумендерге толы шырындар) 
5. Педикулез бен қышыма ауруларын тексеру. 
6. Демалыс мерзімінің басында және аяғында бойы мен салмағын өлшеу, тамыр соғысын тексеру. 
7. Балалардың ойын бөлмелері мен ұйықтайтын бөлм елерін залалсыздандыру.

Сонымен қатар санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізіледі: 
1. Бит пен қышыма ауруларының таралу жолдарын түсіндіру арқылы алдын алу 
2. Өкпе құртының таралу жолдарын түсіндіру арқылы алдын алу. 
3. Улы және пайдалы шөптер, жемістер мен саңырауқұлақтар жайында әңгімелер жүргізіп, оқушыларға жан-жақты мәліметтер беру 
4. «Сау тістерді қалай сақтап қалуға болады» деген тақырыпта оқушылармен әңгімелесу 
5. Қан аздықты болдырмау жолдарын қарастыру 
6. Сауықтыру жаттығулары 
7. Дене шынықтыру мұғаклімдерімен бірігіп сауықтыру кештерін өткізіп тұру 
8. Тамақтану гигиенасын сақтау

Демалыс мерзімінің басталуы мен аяқталуына арналған мерекелік дастархандар жасалады. Ауданда жұмыс жасайтын білікті мамандар балалардың әр күнін мерекеге толы етіп өткізуіне жан-жақты жұмыс жасайды. Мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс жасау барысында мынадай іс-шараларын өткізіп тұрады: 
1. Нептун күні.Танысу , денсаулық, күлкі күні өткізіледі. 
2. Курстар: «Ертегілер әлемінде», «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны», «Ең таза ,ең тәрбиелі топ» , «Ең үздік, әрі көңілді ас әзірлеуші», «Әнге байланысты шығарылған көріністер» және т. б. 
3. Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспіпімдер театрына, М.Лермонтов театрына, кинотеатрға, зоопаркке, серуентоғайларға бару. 
4. Спорттық ойындар, жарыстар, эстофеталық ойындар өткізу. 
5. Мұражайларға бару. 
6. Табиғатқа шығу, тек тамашалау үшін ғана емес сүйікті ағаштарын қарап, суарып қайту. 
7. Викториналық ойындар «Біздің эрамызға дейінгі миллион жылда», «Әдепті бала, арлы бала» тақырыбында . 
8. Оқушылардың салған жұмыстарына арналған көрмелер ұйымдастыру. 
9. Ұлттық ойындарды үйрету және ойнату. 
10. Үйірмелерге қатысу: 
- «Іскер қолдар», бұл үйірмеде ұл балалар әр түрлі материалдардан бұйымдар жасап үйренсе, қыз балалар тоқыма тоқу мен моншақ, кесте тігуді үйренеді; 
- «Шахмат клубы», балалар шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ т.б. үстелде ойналатын ойын түрлерін ойнап үйренеді; 
- «Музыкалық үйірме», ән мен ертегілерге сахналық көріністер шығарып, оларды рөлге бөліп, ойнап үйренеді.

Мектеп жанындағы лагерьлерде балалар сауығады, белсенді демалады, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдайды, дүние танымдарын кеңейтеді, сонымен қатар гуманитарлық тәрбие алады.

Тәрбиелік жұмыстар жасау арқылы балалар өздерін ортада қалай керектігін үйренеді,жанындағыларға көмектесуді үйренеді, айналаға мейіріммен қарап , табиғатты сақтап қалуға өз үлестерін қосады, сонымен бірге әр жастағы балалармен танысып, достасады.

Жаз мерзімінде балалардың бос уақытын дұрыс пайдалануда мектептің жасайтын жұмыстары» атты мамыр айында семинар өткізіледі. Мектеп директоры мен мектеп жанындағы лагерьлердің басшыларына демалыс уақыты мен сауықтыруды тиімді өткізуде жасалатын іс-шараларға қосымша бағдарламалар ұсынылады.