A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А. Есімов - «ТЖ тәртібі аптаның аяғына дейін сақталады»

Қала басшысы Алатау және Наурызбай аудандарын аралап көріп, селден кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Аудандарды аралау кезінде әкім су қоршауының фильтрлі және насос станцияларында, бөгетте болды. Қалпына келтіру жұмыстарының деңгейін тексеру кезінде селден зардап шеккен тұрғындармен жүздесіп, олардың пікірлерін білді. Тұрғындар ТЖ-дың зардаптарын жоюда барлық қалалық қызмет көрсету салаларының жедел әрі ұтымды жұмыстары үшін әкімге алғыстарын айтты, бүгінгі күні зардап шеккен аудандардағы өмір бұрынғы қалпына біртіндеп келуде.

«Қалпына келтіру жұмыстары кесте бойынша қатаң жүргізілуде. Қарғалы өзенінің жағалауындағы су басқан көшелер ластан толықтай тазартылды. Барлық үйлер электр жарығымен, табиғи газбен, байланыспен қамтамасыз етілген. Қысқа уақыт ішінде сумен де қамтамасыз етілетін болады», - деді әкім.

Қазіргі кезде Наурызбай ауданында су жүйе бойынша кір жуу, бақшаны суару және техникалық қажеттіліктер үшін құбыр бойынша берілуде. Ал ауыз су әлі де тазарған жоқ, тұрғындар үшін күн сайын цистерналармен 500-550 текше метр таза су жеткізілуде. Ауыз су құбырлар толық тазартылып, зертханалық сараптамалар жүргізіліп болған соң ғана берілетін болады.

05.08.2015