A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының қорытындысы шығарылды. Қала кәсіпкерлері арасында жеңімпаз атанғандар мегаполис әкімі Ахметжан Есімовтың қолынан марапаттар алды.

«Қазір Еуразиялық одақ аясында және БСҰ-на кіргенімізге орай бәсекелестік күшейе түсуде, сондықтан барынша сапалы әрі бәсекеге лайық өнім шығаруға ұмтылу біз үшін аса маңызды. Болашақта «Қазақстанның үздік тауары» байқауы күш ала түспек. Өнеркәсіп және басқа да базалық салалар өнім шығаруда заманауи сұраныстың алдын орап кетуі тиіс, біз бүгін осыған талпынудамыз», - деді әкім.

Бүгінгі күні Алматының өнеркәсіп саласында 50 мыңнан астам адам қамтылған. Бірінші жартыжылдық ішінде жалпы сомасы 312 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, өсім - 4,3%, оның ішінде өңдеу өнеркәсі - 222 млрд. теңгенің бұйымын өндірген, өсім - 12,3%. 2014 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім 8 трлн. теңгеден артты, бұл еліміздің ІЖӨ-нің 20%-ын құрайды. Қалада биылғы жылдың бірінші тоқсанында ЖӨӨ 9,2%-ға өсті. Алматы республикалық бюджеттің негізі қаржылық донорына айналған - бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мегаполис республика бойынша салық түсімінің 33%-ын қамтамасыз етті.

Әкім атап өткендей, қазіргі кезде қалада 3-ші Халықаралық Инвестициялық форум өткізудің дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Онда Алматының инвестициялық мүмкіндіктері, МЖК-ті одан әрі жетілдірудің механизмдері, кіші және орта бизнесті дамыту, ірі инвесторларды тартудың қажетті шарттарын айқындау сияқты өзекті мәселелер сөз болады.

Биыл өңірлік байқауға 100-ден астам алматылық тауарөндірушілер қатысты. Байқау қорытындысында үш номинация бойынша бірінші орынды «Hyundai Trans Auto», «LG Electronics Almaty Kazakhstan» компаниялары мен «Рахат» АҚ-ы жеңіп алды. Өңірлік байқау жеңімпаздары Астана қаласында биылғы жылдың желтоқсан айында өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысады.

06.08.2015