A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі Ахметжан Есімов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Ахметжан Есімов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Алматыда құрылыс саласының қызметкерлерін ұлықтады. Жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған қала басшысы соңғы жылдары Алматыда құрылыс қарқынының өте жоғары екендігін атап өтті.

«Сіздер Алматыны дамытудағы маңызды жобаларды жүзеге асырып келесіздер. Олар - тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік маңызы бар нысандар, жаңа жолдар, метрополитен желілері, өнеркәсіп орындары мен мегаполистің инфрақұрылымы. Алматыдағы сәулет және тарихи ескерткіштер қайта түрленіп, қала келбеті барынша айшықтала түсуде», - деді әкім.

Мысалы, тек соңғы 7 жыл ішінде ғана қала Құрылысы басқармасы тарапынан 430 нысан салынды, олардың 117-і білім беру, 42-і денсаулық сақтау, 14-і коммуналдық жекеменшік, 12-і спорт пен мәдениет нысандары. Осы жылдар ішінде 7 миллион 606 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллион 330 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ал биылғы жылы 1 миллион 360 мың тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Соңғы 7 жыл ішінде 16 көлік жүретін жол айрығы салынды. Биыл Қалқаман ықшам ауданындағы және Төле би көшесінің қилысы мен барлық бағыттар бойынша қозғалысты қамтамасыз ететін Шығыс айналма жолының бойындағы 2 жолайрығы құрылысының негізі жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде Алматыда 28 жолайрығы жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде 91 жер үсті және жерасты жүргінші жолдары салынды, ал биыл тағы да 11 өтпелі жолдың құрылысы қолға алынбақ.

«Келтірілген әр санның артында біздің құрылысшыларымыздың орасан еңбегі тұр. Іске қосылған білім саласының 117 нысанын сөз етсек, бұл 18 мың оқушының бүгінгі заманға сай жаңа мектептерде білім алып жатқандығын білеміз, ал бала бақшаларда қосымша 7 мың орын ашылды. Денсаулық сақтау саласының іске қосылған 42 нысаны нені білдіреді? Бұл - тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді одан әрі жақсарту деген сөз. Соның арқасында алматылықтардың өмір сүру ғұмыры 2010 жылмен салыстырғанда 4 жылға ұзарды», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгін Алматы құрылысшылары өздерінің кәсіби мерекелерінің құрметіне Алатау ауданының Алғабас ықшам ауданында 500 адам қатынайтын жаңа емхананы пайдалануға берді. Алматы әкімі жаңа медициналық мекемеде болып, оның жарақтандырылуымен танысты, рентгенологиялық, флюорографиялық, ультрадыбысты, эндоскопиялық кабинеттерді және диагностикалық зертхананы аралап көрді.

Емханада мүгедектер мен қозғалуы қиын жандарды жедел медициналық қызметпен қамту, олардың қауіпсіздігін сақтау және тез арада ақпарат беріп, жайлы жағдай жасау толық қарастырылған.

Бұл жаңа медициналық мекеме екі кезекпен жұмыс істейді және Ақкент, Ақбұлақ ықшам аудандарының, Алғабас, Теректі поселкелері мен қалаға қосылған саябақтар тұрғындарына медициналық сапалы қызмет көрсететін болады.

07.08.2015