A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын қабылдады

Қала әкімі Бауыржан Байбек БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтар ханыммен кездесті.

Келіссөз барысында Ш.Ахтар «Алматы - 2020» даму бағдарламасы қаланы тұрақты дамытудың бірден бір жолы екендігін атап өтті. Әлемдегі ірі мегаполистерде даму мәселесіне айрықша назар аударылатындығын айтты.

«Smart City» (Ақылды қала) Концепциясы әлемде кеңінен насихатталуда. Бүгінгі күні Оңтүстік Корея осындай қалаларды қалыптастыру жағынан алда келеді. Таяу уақытта Индияда осындай 100 ақылды қала пайда болса, Қытай 221 ақылды қаланы құратындарын жария етті», - деді Шамшад Ахтар.

Кездесу барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қала әкімі Б.Байбекті Тайландтың Бангкок қаласында өтетін Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің жыл сайынғы конференциясына қатысуға шақырды. Бұл конференцияда мегаполистерді дамыту тәжірибелерімен алмасуға болады.

Кездесу соыңнда тараптар бұдан былай да жемісті ынтымақтастыққа сенімді екендіктерін айтты.

08.02.2016