A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 1 маусым. Б. Байбек алматылық балдырғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

1 маусым. Б. Байбек алматылық балдырғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

1 маусым. Б. Байбек алматылық балдырғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың Орталық демалыс және мәдени саябағында алматылық балдырғандарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«Біздің қала үшін бұл - үлкен мереке. Елімізде дарынды балалар көп, біз соған қуанамыз әрі мемлекетіміз оларға барлық жағдайларды жасауда. Қазақстан Президенті бала бақшадан бастау алып, мектепте, оқу орнында жалғасатын білім беру сапасын арттыру туралы жиі айтады. Өздеріңіз білесіздер, қалада 12 мектеп, 33 типтік бала бақша ашылды. Тек жартыжылдың ішінде ғана 1500 сәби бала бақшаға барды. «Балапан» бағдарламасының арқасында әр балаға қосымша 20799 теңге төленеді. Бұл бала бақшадағы орын санына оң ықпал етуде» - деді Б. Байбек.

Қала басшысы биыл мегаполисте балалардың ойдағыдай демалуына барлық жағдайлардың жасалатындығын да жеткізді. Биыл 21 мыңға жуық бала жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберіледі. Бұлардан өзге, мектептер жанынан 26 мың баланы қамтитын 700-ден астам секция жұмыс істейтін болады. Тұрмысы төмен отбасылардың 4 мыңға жуық балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру үшін бюджеттен қаржы бөлінді. Бурабайдағы белгілі «Балдәурен» лагеріне 100 бала аттанады

Бүгін Алматының барлық аудандарында Халықаралық баларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар, тегін жол жүру, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған.

01.06.2016