A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10 қараша. Алматыда отандық «Инновация апталығы» басталды

Алматыда отандық «Инновация апталығы» басталды. Ол Startup Day аясында: «Болашақтың энергиясы - Road to EXPO» деген тақырыпта өтуде. Шара ҚР Инвестициялар мен даму министрілігі мен қала әкімдігінің қолдауымен жүріп жатыр.

Бүкіл Қазақстан бойынша өтінім берген 200 команда - үміткерлер арасынан тек 90-ы өтті, олар «Жаңа энергетика», «Энергиялық тиімділік», «Энергия жинақтау»жобаларын ұсынғандар.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бұл шараның маңыздылығын және Қазакқстанның басты мақсаты әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену екендігін, 2050 жылы экономикада сапа өзгеше сипат алатынын айтты.

«Мемлекет басшысының бес институционалды реформасы жаңа адами капиталды, алға жылжудың жаңа институттарын өмірге әкеледі. Осы ретте Алматының әлеуеті өте зор, бұл - біздің тәуелсіздігіміз қалыптасқан, кәсіпкерлер шоғырланған, жаңа шығармашылық қауым мен жастар қаласы», - деді әкім.

ҚР Инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешев отандық инновациялық кластерді қалыптастыруда Алматының маңызды рөл атқаратындығын ерекше айтты.

«Инновация апталығының Алматыда бастау алуы тегін емес. Еліміздегі стартапердің 90%-ы осы қалада жұмыс істейді, мұнда барлық жағдайлар жасалған», - деді министрлік басшысы.


10.11.2015