A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 10 қараша. Алматыда Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың рухы ұлықталды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10 қараша. Алматыда Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың рухы ұлықталды

Бүгін Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке мемориалды тақта ашылды. Салтанатты шараға Алматы әкімі Бауыржан Байбек, еліміздің әр түкпірінен келген қоғам, ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Батырдың туыстары мен жақындары қатысты. Б.Байбек шараның маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі ұрпақтың парызы мен қарызы - өткенге көз жүгірту, тарихты саралау дегенді жиі айтады. Аты аңызға айналған батыр тұрған үйдің қабырғасына мемориалды тақта орнату - аға ұрпақтың кешегі ерлігіне көрсетілген құрметтің тек бір бөлігі ғана», - деді әкім.

Талғат Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысы Ақкөл ауданының Майбалык ауылында туылған. Оның жауынгерлік өмірбаяны 1942 жылдың жетоқсанынан басталады. 19 жастағы жауынгер Калинин майданында жаумен шайқасады. Осы кезең ішінде ол 10-ға жуық әуе шабуылына қатысады. Фрунзе аэроклубында ұшуға үйреніп, Саратов арнайы әскери-авиациясында болады, сосын Чкаловтағы әуе атқыштар мектебінде де дәріс алады. Кейін Ижевскіде Ил-2 самолетінің руліне отырады.

Қала басшысы Т. Бигелдиновтың өмір жолындағы ерліктеріне тоқталды.

«Талғат Жақыпбекұлы еліміз үшін қиын кезеңде өзінің жауынгерлік шеберлігі мен Отанға деген зор сүйіспеншілігінің арқасында қаһармандық пен патриотизмнің үлгісіне айналды. Өзінің ерліктері арқылы ол халқын танытты. 305 әскери әуе шабуылына шығып, талай рет ажалмен бетпе- бет келсе де тайсалмады», - деді Б.Байбек.

Ақпараттық хабарлама :1944 жылдың 26 қазанында аға лейтенант Талғат Бигелдиновке ерлігі мен әскери шеберлігі және Знаменка, Кировоград қалаларын жаудан азат еткені, 4 жау самолетін атып түсіргені үшін Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді.

Екінші Алтын жұлдызды гвардия капитаны Талғат Бигелдинов 1945 жылы 27 маусымда Краков, Оппельн, Катовице, Бреслау және Берлин қалаларын жаудан азат еткені үшін алды.

Соғыстан кейін 1950 жылы Әскери- әуе академиясын бітіріп, азаматтық авиацияда жұмыс істеді. «Отан», «Даңқ», «Барыс», «Ленин», «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталған


10.11.2015