A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы мұз үстінде мотожарыстың әлемдік біріншілігін өткізу дәстүрін қайта жаңғыртты
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы мұз үстінде мотожарыстың әлемдік біріншілігін өткізу дәстүрін қайта жаңғыртты

Бүгін Алматыда «Медеу» биік мұз айдынының аренасында 2015 жылғы жеке әлем чемпионатының 50-ші мерейлі финалы аясында спивейден (мотоциклмен мұз үстіндегі жарыс) әлем кубогінің үшінші этапы басталды.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин жарыс қонақтары мен оған қатысушыларды құттықтап, аты аңызға айналған мұз айдынында мұндай жоғары деңгейдегі спорттық жарыстарды жыл сайын өткізу дәстүрінің қайта жалғасын табатындығын атап өтті. Спидвей бойынша Әлем чемпионатының этапы «Медеу» мұз айдынында соңғы рет 1992 жылы өтіп, алматылықтар мен мегаполис қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырған болатын.

«Біздің қаламызға спидвейдің 50-ші мерейлі чемпионат аясында қайта оралуының символикалық мәні бар. Араға 23 жыл салып біз чемпионаттың негізгі, шешуіші этапын өткізіп отырмыз. Бүгінгі алқалы бәсекге біздің ұлттық командамыздың қатысуының өзі жарыстың бұл түрінің Алматы ғана емес, жалпы Қазақстанда одан әрі дами түсетінін айғақтайды. Біз сіздермен бірге 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өзімізде өткізу үшін күресудеміз. Бұған мақтана да аламыз», - деді Юрий Ильин.

Өз кезегінде халықаралық сарашылар спидвей бойынша 2015 жылдың әлем кубогінің шешуші Этапын Алматыда өткізуді ұйымдастыру жұмысына жоғары баға берген еді.

Ақпараттық анықтама: Дөңгелектерінде арнайы темір тиегі бар мотоциклдермен мұзды тректерде өтетін жарыстар спидвей немесе мотожарыс деп аталады. Бұл - әлемдегі барынша қызықты әрі қауіпті спорттық шара. Әлем чемпионатының мерейлі, 50-ші жарысына 16 елдің 16 мотоспортшысы қатысуда. Мотожарысты 20-дан астам спорттық телеарнадан 200 миллионнан астам телекөрермен тамашалауда.

14.02.2015