A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

15 қаңтар. Универсиаданың спорт нысандары Алматының 1000 жылдығына ашылады

Бүгін, 15 қаңтарда Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Универсиада -2017» халықаралық студенттік жарыстар өтетін спорт нысандарын аралап көрді. Бұл ғимараттар болашақта қала тұрғындарының мұрасына айналады әрі Алматының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында олар есіктерін айқара ашатын болады.

Атап өтерлік жайт, девальвация мен теңге бағамының өзгеруіне қарамастан құрылыс қарқынды жүруде және белгіленген мерзімінде аяқталады. «Универсиада» басшылығының мәліметі бойынша барлық спорт нысандары 2016 жылдың 30 тамызында пайдалануғаберіледі. Мысалы, үстіміздегі жылдың 22 наурызында Медеу ауданындағы 3000 орынды Мұз аренасының жайма мұз айдыны дайын болады, ал 6 шілдеде негізгі аренаның, әкімшілік ғимараттың құрылысы аяқталып, нысан айналасы абаттандырылады. Бұлардан өзге 12 мың орынды Мұз аренасының әкімшілік ғимаратының, бассейннің және жайма мұз айдынының құрылыс- монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның негізгі блогы 2016 жылдың 9 мамырында беріледі, нысан айналасын абаттандыру 6 шілдеде жүргізіледі. Атлеттер ауылындағы 5 мың орынды 4 тұрғын үй 22 наурызда беріледі, келесі 4 үй 9 мамырда іске қосылса, 6 шілдеде соңғы 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұлардың айналасын когалдандыру мен абаттандыру жұмыстары 1 тамызда жүзеге асады, барлық нысандардың құрылыс- монтаж жұмыстары тамыздың соңында аяқталып, биылғы жылдың 30 тамызында пайдалануға беріледі. Құрылыстың әр кезеңі Алматы әкімі Б. Байбектің жеке бақылауына алынған.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғана 12 мың орынды Мұз аренасының кіші аренасының (жайма мұз айдыны),жаңа бассейннің, Универсиада спорт нысанадары мен Атлеттер ауылының бизнес- мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері өткен болатын. Бұл шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, спортшылар, бизнесмендер, журналистер, блогерлер және басқалары қатысқан еді.

15.01.2016