A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда кәсіподақ орталығы ашылады

2015 жылдың 15 қаңтарында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновты қабылдады. Кездесудің басты тақырыбы әлеуметтік серіктестіктің басым бағыттарын дамыту болды.

Әбілғазы Құсайынов 2014 жылы қабылданған ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңының шеңберінде Қазақстанның кәсіподақ қозғалысында елеулі реформалар орын алып отырғанын сөз етті. Әсіресе жаңа Заң салалық және аймақтық бірлестіктердің қызметтерін нақты белгілеуге мүмкіндік берді, көптеген аз құрамды кәсіподақ ұйымдарының үлкен бірлестіктерге бірігуі жаңғырту үрдісін жеделдететіні анық.

Кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті өткен жылдың желтоқсанында Алматы қаласының кәсіподақ орталығын ашу туралы шешім қабылдаған болатын. Соған байланысты кездесу барысында орталықты ашу дың ұйымдастыру ж ұмыстары талқыланды.

Сапар барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов Алматы қаласының әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжоловамен де кездесті. Басқосуда ұжымдық келісімшарттар жасаудың ағымдағы мәселелері сөз етілді.

15.01.2015