A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда Жасөспірімдер арасында солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда Жасөспірімдер арасында солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті

Бүгін Алматыда «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешенінде өтіп жатқан Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бейінді басқармалар жетекшілері, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының консулы Роман Кампуст, FIS Кеңесі мен шетел делегацияларының мүшелері қатысты.

Қала басшысы жиналған қауымды чемпионаттың ашылуымен құттықтап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу зор құрмет. Алматыда жыл сайын әлемдік деңгейдегі біріншіліктер өткізілуде, дегенмен солтүстік дисциплиналар бойынша чемпионат алғаш рет өтуде. Бұл чемпионаттың біз үшін маңызы зор. Себебі біз 2 жылдан кейін қысқы Универсиаданы өткіземіз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Роман Кампуст Алматының біріншілікке дайындығының жоғары деңгейін атап өтіп, спортшыларға сәтті сөре, жоғарғы көрсеткіштер мен жеңістер тіледі.

Жасөспірімдер арасындағы солтүстік дисциплиналар бойынша әлем чемпионаты 1-ақпан мен 8-ақпан аралығында өтеді. Біріншілік 240 млн. көрермен аудиториясы бар «Евроспорт» телеарнасы бойынша тікелей эфирде көрсетілмек. Алматы әлемнің 36 мемлекетінен 576 спортшыны қабылдады, 560 ерікті тартылып, әлемнің түкпір-түкпірінен 30-дан астам БАҚ тіркелген.

02.02.2015