A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

20 мамыр. Алматы зообағы сенімді басқаруға берілмейді

20 мамыр. Алматы зообағы сенімді басқаруға берілмейді

Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қалалық зообаққа инспекциялық сапары барысында белгілі болды.

Жалпы, зообақ ерекше қорғалатын табиғи аумақ болғандықтан заң жүзінде мемлекеттік - жекешелік әріптестікті жүзеге асыруға жатпайды.

«Зообақ ешқандай сенімді басқаруға берілмейді. Мұндағы жағдайға заң жүзінде жауап беретін зообақ директоры бар. Халықаралық тәжірбие көрсеткендей, зообақтар муниципалдікі немесе жекенікі», - деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, әкім зообақ басшылығына заңдылық нормаларына сәйкес барлық қоғамдық ұйымдарға бірдей қолжетімділік жасауды, жекелеген ұйымдар мен қорларға басымдық бермеуді тапсырды.

Өз кезегінде зообақ директоры Қанат Кәрімов әкімге жақын арада зообақтың Ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының құзырына берілетініне байланысты мұндағы қызметкерлер жалақысының 70% -ға өсетіндігін жеткізді. Зообаққа кіретін электронды турникеттер де мекеменің кірісін 25%-ға арттыруға ықпал етеді.

Мұндағы атқарылған жұмыс жөніндегі есепті тыңдаған қала әкімі зообақ басшылығына концепцияны одан әрі дамытуды, зоотехникалық қызметті жақсартуды, аңдар мен жануарларды бекітілген рацион бойынша азықтандыруды, жануарларды электронды есепке алуды аяқтауды, жалпы қоғамдық бақылауды күшейте отырып, атқарылатын барлық істерді ашық әрі жариялы түрде жүргізуді тапсырды.

20.05.2016