A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

20 қыркүйек. Алматыда Қала күні мерекеленуде

Бүгін Алматыда Қала күні мерекеленуде - ҚР Тұңғыш Президентінің және Орталық мәдениет және демалыс саябақтарында мерекелік шаралар өтуде. Қала мерекесі жыл сайынғы дәстүрлі «Apple Fest» алмалар фестивалімен ашылды.

Алмалар фестивалі қала күніне арналған 50 мерекелік шараларды қорытындылайды. «Apple Fest» Алматыда алманы қала символы ретінде насихаттау мақсатында 2010 жылдан бері өтіп келеді. Алма фестивалінің мерекелік аумағы өте кең, мұнда түрлі көңілді бағдарламалар, алматылық алмаларды сату, конкурстар, шеберлік сыныптары, басқа да ойын-сауықтар шоғырланған.

Қала әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрақты әрі жан-жақты қолдауы және алматылықтардың ортақ еңбегі арқасында қаланың динамикалық түрде дамып келе жатқандығын айтты.

«Президенттің саясаты арқасында әлемдегі экономикалық күрделі жағдайға қарамастан біздің мемлекетіміз жолдар, мектептер, ауруханалар, жаңа тұрғын үйлер салуда. Біздің қаламыздың келбеті де жақсы жағына қарай өзгеруде. Алматының болашағы - халықаралық деңгейде дамуында, ол Қазақстан қонақтарын тартатын заманауи халықаралық қалаға айналуы тиіс. Бұған біз алматылықтардың ортақ еңбегі арқылы қол жеткізетінімізге мен сенімдімін», - деді Бауыржан Байбек.

Қала тұрғындарының мегаполисті дамытуға сіңірген еңбектерін ескере келіп, әкім Бауыржан Байбек «Қаланың құрметті азаматы» атағын КСРО және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовке, «Казкоммерцбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дәулет Сембаевқа, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген архитекторы Шота-Аман Уәлихановқа берді.

Мегаполис басшысы алмалар жәрмеңкесінде болды, мұнда 100 тонна, рекордтық көрсеткіштегі жеміс ұсынылған, сонымен қатар интерактивті тақырыптық алаңдарды да аралады.

Қала күнін мерекелеу отшашумен аяқталады, ол сағат 22.50-ден 23.00-ге дейін «Сұңкар» тау шаңғысы трамплиндерінің кешенінде, қаладағы ең ауқымды музыкалық шара - Муззон телеарнасының «EMA-2015» IV Евразиялық музыкалық сыйлығы табысталған соң болады.

Ақпараттық хабарлама: Биыл қала күніне қатысты өткен алмалар базарына Алматы облысының 33 шаурашылығы 100 тонна алма әкеліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алматылықтар мен қала қонақтарына алма өнімі базардағы бағадан төмен сатылды, яғни 1 кг алманың құны 250 теңге болды.

20.09.2015