A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 22 қыркүйек. Алматыда Тілдер мерекесіне орайластырылған «Ана тілім - ардағым» фестивалі өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22 қыркүйек. Алматыда Тілдер мерекесіне орайластырылған «Ана тілім - ардағым» фестивалі өтті

Бүгін Алматының «Алатау» киноконцерт залында Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орайластырылған «Ана тілім - ардағым» фестивалі өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек шара барысында мәдениет пен тіл бірлігінің политэтникалық мемлекеттің болашағын жасайтын қуаты мен діңгегі екендігін айтты. Ол өзге этностар арасында қазақ тілін білетіндер қатарының артып келе жатқандығын да тілге тиек етті.

«Қалада бүгінгі күні мемлекеттік тілді үйрену мен осы тілде жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған. Мектеп жасына дейінгі алматылық бүлдіршіндердің 65%-дан астамы қазақ тілінде дәріс беретін мемлекеттік бала бақшаларға барады», - деді Бауыржан Байбек.

Қала басшысы Алматыда 90 мың оқушы мен 70 мың студенттің мемлекеттік тілде білім алатындығын жеткізді. Бұлардан өзге, Бауыржан Байбек идеология мен мемлекеттік тілді дамыту саясатының барлық салаларды кеңінен қамтуы тиіс екендігіне назар аударды. Әсіресе, жарнамалар мен олардың мәтіндеріне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

Сөзінің соңында қала әкімі тілге қатысты өткен қала байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

22.09.2015