A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

22 қаңтар. Алматының ішкі өңірлік өнімі алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асты

Бұл туралы бүгін Алматының 2015 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы бойынша өткен жиында белгілі болды.

«Экономикадағы күш алған дағдарысқа, негізі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуіне қарамастан Алматы еліміздің ірі мегаполисі ретінде дамудың оң динамикасын сақтап қалды және қаланың тұрмыс –тіршілігіне қатысты салалардың негізгі көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берген жоқ. Тіпті, Алматының ІӨӨ-і 2015 жылдың қорытындысы бойынша қала тарихында алғаш рет 8,5 триллион теңгеден асып, өсім 2,5%-ды құрады», - деді Б.Байбек.

Алматы ел көлемінде республикалық ІЖӨ-нің бес бөлігін, барлық салық түсімінің 27%-ын, көтерме сауданың 48%-ын, бөлшек сауданың 23%-ын, сыртқы сауда айналымының алты бөлігін, екінші деңгейлі банктердің несие портфелінің 60%-ын қамтамасыз етеді.

Қаланың негізгі экономикасы кіші және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады. Олар ІӨӨ-нің 25%-ын, салық және басқа да төлемдердің 43% ын береді.

Өнім өндіру көлемі 646,3 миллиард теңгені құрады. Өнім өңдеу кәсіпорындарының жалпы қалалық өнім көлеміндегі үлесі 73, 6% -ды құрайды.

Алматыда әлеуметтік сала кең қанат жаюда. Қазіргі кезде мемлекеттік- жеке серкітестік аясында 25 бала бақша салу жоспарланған. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығын азайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда бар коттедждерді бала бақшаға көшіру жұмыстары қолға алынды.

Бұлардан өзге қаланың спорттық инфрақұрымын дамытуға да жете назар аударылуда. 2015 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Алматыда 108 балалардың ойын алаңдары салынды. 2016 жылы осындай тағы да 150 алаң салу жоспарлануда.

Алатау ауданында Универсиада нысандары бой көтереді, 12 мың орынды Мұз аренасы, атлеттер ауылы, ал Медеу ауданында 3 мың орынды Мұз аренасы салынып жатыр.

Жиын соңында Б.Байбек мемлекеттің алға қойған барлық әлеуметтік міндеттемелерінің орындалғандығын, әкімдіктің алдағы уақытта да алматылықтардың тұрмыс деңгейін жасқартуда сындарлы жұмыс атқаратындығын атап өтті.

22.01.2016