A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда 100 мыңнан астам халық Наурыз мейрамын тойлауға қатысты

Бүгін Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында Наурыз мейрамын тойлауға арналған мерекелік шаралар өтті. Алматылықтар мен шаһар қонақтарына Наурыз мейрамының тарихы, дәстүрі мен наным-сенімдері жайлы театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Мерекелік шараны 100 мыңнан астам халық тамашалады.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов мегаполис тұрғындары мен қонақтарын көне мейраммен құттықтап, береке мен бірлік тіледі. Қала басшысы халық бірлігі, ынтымақтастық пен өзара түсіністік сынды мызғымайтын құндылықтардың маңызды екенін атап өтті.

«Наурыз – қашанда халқымыздың бай салт-дәстүрін ұлықтап, өзара ынтымағымыз бен берекелі бірлігімізді нығайта түсетін, ертеден жеткен қасиетті мейрам. Наурыз біздің нағыз жаңа жылымыз болуы керек деп Елбасы атап өткендей, тәуелсіздік алған соң, Наурыз мейрамы қайта жаңғырып, еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіліп келеді. Бүгінде жалпы халықтық мерекеге айналған Ұлыстың ұлы күніне біз ел іргесінің тыныштығы мен ілгері дамуының арқасында жеттік. Елдегі тұрақтылық пен тұтастықтың арқасында экономикамыз жыл сайын көтеріліп, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Халықты әлеуметтік қолдау мен инфрақұрылымды дамыту дамылдаған емес. Бұл жұмыстар тұрақты жалғасын табады» , - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі Наурыз мейрамын тойлауда мемлекеттік меншікке қайтарылған Орталық мәдениет және демалыс саябағы - басты алаң атанғанын тілге тиек етті.

«Бүгін біз Наурызды алматылықтар үшін айрықша орын алатын саябақта тойлаудамыз. Өткен жылы Орталық мәдениет және демалыс саябағында қайта жөндеу және көріктендіру жұмыстарын жүргіздік. 2 мыңнан астам жасыл желек пен гүлдер отырғыздық. Сондай-ақ, 350 орынға арналған ыңғайлы көлік тұрағын салдық. Саябақты жаңғырту жұмыстары әлі де жалғасын табады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Одан өзге, шаһар басшысы 2015 жылы түрлі даталарға арналған мерекелік шаралар өткізілетінін де айтып өтті. Олар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығы, ҚХА мен ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойы.

Мерекелік концертте еліміздің еңбек сіңірген әртістері, шығармашылық топтары өнер көрсетті. Саябақ аумағында 30-дан астам киіз үй тігіліп, наурыз-көже, бауырсақ және тағы басқа түрлі тәтті тағамдар дайындалып, көне аспаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өнер көрсеткен әртістер еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биін сахналады.

Мерекелік тойлау Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионында жалғасын тауып, 21.00-де «Көк-Төбе» саябағындағы отшашумен аяқталады.

22.03.2015