A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 2015 жылғы Универсиадаға қатысқан 10 қазақстандық жүлдегердің 8-і алматылық спортшы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

2015 жылғы Универсиадаға қатысқан 10 қазақстандық жүлдегердің 8-і алматылық спортшы

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 2015 жылғы жазғы Универсиаданың алматылық жүлдегерлерін құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 28-ші Универсиада Оңтүстік Корей елінің Кванджу қаласында өткен болатын. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 қола меделін қанжығаға байлап жалпыкомандалық есепте 11 орынға ие болды. Оның ішінде 5 алтын мен 3 қола медалін алматылық спортшылар еншіледі. Шаһар басшысы спортшыларды жеңісімен құттықтап, қаржылай сыйлық табыстады. Өз сөзінде Алматы әкімі спортшыларға енді ересектермен жарысқа түсетін спорт аренасында сәттілік тіледі.

«Сіздер өздеріңіздің шеберліктеріңіз бен жеңіске деген ұмтылыстарыңыздың арқасында жоғарғы нәтиже көрсеттіңіздер. Енді ересек спортшылармен қатар жарысқа түсуге дайынсыздар деп есептеймін. Сіздерден келесі жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан жеңіс күтеміз», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде спортшылар шаһар басшысына спорт саласы мен спортшыларға көрсеткен қолдауы үшін алғыстарын білдіріп, Олимпиада ойындарында биік тұғырдан көріну үшін аянбай еңбек ететіндерін жеткізді. Сөз соңында Алматы әкімі жүлдегерлерге Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) президенті Клод-Луи Гальен жолдаған хатты оқыды. Сондай-ақ, хатта FISU президенті қала басшысын 28-ші Қысқы Универсиада ойындарын өткізу барысында жақсы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны үшін алғысын білдіріп, 2022 жылы өтетін Ақ Олимпиада ойындары өткізетін шаһар құқығын жеңіп алуды тіледі.

25.07.2015