A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 26 мамыр. Сенімді басқаруға берілген Алматының коммуналды паркіне жаңа автобустардың алғашқы легі келді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

26 мамыр. Сенімді басқаруға берілген Алматының коммуналды паркіне жаңа автобустардың алғашқы легі келді

26 мамыр. Сенімді басқаруға берілген Алматының коммуналды паркіне жаңа автобустардың алғашқы легі келді

Алматы қаласының коммуналды автобус паркі сенімді басқаруға берілген «Green Bus Company» компаниясы жылжымалы составты жаңартуды бастады.

«Green Bus Company» компаниясы отандық өндірушіден «Daewoo» маркалы газбен жүретін 35 автобус сатып алуға қатысты келісім жасаған болатын. Бүгінгі күні 10 автобус жеткізілді, қалған 25-і биылғы жылдың маусым айында әкелінеді. Қазіргі кезде автопаркте 816 транспорт бар, олардың 212 -і троллейбустар, 602 -і автобустар.

«Green Bus Company» ЖШС-нің мәліметі бойынша биылғы жылғы инвестиция көлемі 1,5 млрд. теңгені құрайды. Компания қазірдің өзінде «Алматыэлектротранс» ЖШС-нің 700 млн. тг несие қарызын өтеді, 300 млн. тг. автобустарды жөндеу және іске қосуға жұмсалған. Бұдан өзге қызметкерлер жалақысының 186 млн. тг. қарызы өтелді.

Қала әкіміне коммнуалды паркті сенімді басқаруға беру кезінде бұзылған 181 автобустың жөнделгені, қазірдің өзінде жылжымалы составтың 50%-ның іске қосылғаны, қалған 50% жыл аяғына дейін толық жөндеуден өтетіндігі, қосымша бөлшектердің сатып алынғандығы баяндалды. «Green Bus Company» компаниясы биыл келуі тиіс тағы да қосымша 100 жаңа автобус алу жөнінде келісім жасаған.

«Реформа оңай шаруа емес. Біздің басты міндетіміз- қазіргі тарифті сақтап қалу. Егер тарифті көтерсек, реформа да тез жүзеге асар еді, бірақ біз қарапайым халыққа ауыртпалық түсірмеуге тиіспіз. Автопаркті сенімді басқаруға беру арқасында қарыздардың бір бөлігі өтелді, жылжымпалы состав құрамы артты, жаңарту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасуы тиіс», - деді Б.Байбек.

Қала әкімі автобус паркінің жұмысына бақылау жасады. Көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жақсарту қажеттігін қадап тұрып айтты. Сонымен қатар, жолаушылардан төлем алатын жүргізушілерді анықтауды, Көлік холдингімен бірлесе отырып, кешкі және демалыс күндеріндегі кестені реттеуді, рейсаралық интервалдарды қысқартуды тапсырды.

26.05.2016