A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда ІІД-нің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ІІД-нің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды

Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен Ішкі істер департаментінің 2015 жылдың бірінші жарытжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылды.

ІІД-нің бастығы Серік Күдебаев атап өткендей, қалада қылмысты жағдай бақылауға алынған. Анығын айтқанда, есепті кезең ішінде қылмыстық белсенділік төмендеген, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған жетекшілік жасау 33,3%-ға, бопсалау 9,5%-ға, өзгенің көлігін заңсыз иемдену 9,3-ға, тонау 6,3%-ға, пәтерге ұрлыққа түсу 4,4%-ға азайған. Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған 232 қылмыс ашылған, оның ішінде: 4 адам ұрлау, 9 бопсалау, заңсыз қару сақтаған 15 факт, есірткі айналымына қатысты 7 қылмыс.

Жедел-іздестіру шараларының арқасында 28 адам жауапты қылмысқа тартылған, олардың арасында ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес Басқармасының есебінде тұрған 4 «әккі» қылмыскер және қылмыс әлемінің 2 жетекшісі бар.

Өз кезегінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов қаланың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларының полицияны қаржыландыруға ықпал ететіндігін айтты. Мысалы, соңғы үш жылда ІІД-не 55 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның 6,9 млрд. теңгесі саланы материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға жұмсалды.

«Қаржылық қолдау көрсету және материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруды нығайту арқасында ішкі істер органдарына қалада қылмысқа қарсы күресті барынша тиімді жүргізу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалуда. Сонымен қатар, жаңа технологиялар мен халықаралық оң тәжірибені қолдана отырып, жұмысты одан әрі жетілдіре түсу қажет. Өйткені, кез-келген мегаполистің беделі өз тұрғындарына ғана емес, жалпы қалаға келген қонақтарға да барынша қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету деңгейінен де көрінеді», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы ІІД-і бюджетінің 20,1 млрд. теңге көлемінде бекітілгенін, оның 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 млрд. теңгеге көп екендігін айтты. Оның 12,4 млрд. теңгесі немесе 64% қала бюджетінен бөлінді. 2013-2014 жылдары 258 автокөлік бірлігі алынды, соның арқасында ІІД-і автопаркінің үштен бір бөлігі жаңарды. Тағы да 97 автокөлік бірлігін алуға қала бюджетінен 501 млн. теңге қарастырылып отыр.

Сөзінің соңында қала әкімі қаладағы қылмыстық жағдайды сауықтыру үшін нақтылы тапсырмалар берді. Олар - шетелдіктер тарапынан болатын қылмыстың алдын алу үшін көші-қон полициясының пәрменді шаралар қабылдауы, айыппұл өндірудің тиімді жолдарын іздестіру, аудан әкімдерімен бірлесе отырып аулаларға видеокамералар орнату, жалған ақпараттарға дер кезінде назар аудару.

27.07.2015