A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әлемнің 10 үздік қалаларының қатарына қосылды

Алматы әлемнің қарыштап дамып келе жатқан 10 қаласының қатарына кірді. Іскерлер шаһарындағы тұрғындардың да әл-ауқаты артып келеді. Оған алматылықтардың орта есеппен алғанда жалақысының 200 мыңнан асқандығы дәлел.

Күн құрғатпай қарыштап дамып келе жатқан Алматы әлемнің 10 үздік қалаларының қатарына қосылды. Іскерлер шоғырланған аймақтарды бағамдап көрген зерттеушілер оңтүстік астананың қаржы орталығы ретінде соңғы 5 жыл бойы 9-шы сатыдан түспей тұрғанын алға тартқан. Таразыға түскен қалалардың басым бөлігі Шығыс Азия мен Таяу Шығыс, сондай-ақ Африка елдерінен екен. Айта кетейік, Алматы Мәскеу мен Варшава қалаларының да алдын орап әкеткен. Әйтсе де, рейтингке Нью-йорк пен Лондон және Токио сынды ауқатты қалалар кірмеген.

«Алматының қаржы орталығы ретінде үздіктер қатарынан көрінуіне осыған дейінгі дағдарыста ешқандай қаржы құрылымдары тақырға отырмауы себеп. Оған қоса, Қазақстан қор биржасы да құлдыраған жоқ. Сондай-ақ банктік инфрақұрылым да даму үстінде. Ал көршілес Ресей мемлекетінде қазір жағдай керісінше орын алуда. Салынған санкциялардың салдарынан банктік сектор едәуір төмен»,- деді экономист Уәлихан Төлешов.

Алматы дамуының адымды болуы үшін кәсіпкерлерге деген қолдау да қарқынды. Мәселен, Мәскеуде корпоративті табыс салығы 30 пайызды құраса, бізде бұл көрсеткіш 20 пайызға жетеді. Оған қоса, жеке табыс салығы көрші елде 15 пайыздан асса, еліміздің бизнес өкілдері тапқанының 10 пайызын төлеуге міндетті. Тілге тиек етерлігі, Алматы кәсіпкерлері жергілікті қазынаның 60 пайызын құрап отыр. Айта кетейік, Алматының кедендік одақ аясында тауар айналымы былтыр 5 миллиард 245 миллион долларды құраған. Өнімнің басым бөлігі, яғни 95 пайыздан астамы Ресей елінен әкелінеді. Ал, қалған өнім Белорусь үлесінде.

«2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы көрсеткішті айтатын болсақ, Кедендік одақ аясындағы мемлекеттердің өзара сауда-саттық көлемі 5 миллиард 245 миллион 318 АҚШ долларын құрады. Ал экспорт болса, 602 миллионды құрады, импорт 4 миллиард 642 миллион 920 құрады»,- деді Алматы қ. Статистика департаментінің бас маманы Есбол Рысбаев.

Айта кетейік, әлемнің 160-тан астам елімен сауда-саттық жүргізетін Алматының тауар айналымы былтыр 16 миллиард АҚШ долларын құраған. Оның басым бөлігі импортқа тиесілі. Сырттан алып шаһарға 12 миллиард долларға тауар әкелініпті. Қалған 3 миллиард доллар көлеміндегі отандық өнім өзге елге жіберілген.

27.03.2015