A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда «Білімді дамыту жылының қорытындысы» шығарылды

Бүгін Алматыда Білімді дамыту жылы болып жарияланған 2014 жылдың қорытындысы шығарылды. Алқалы жиынға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, аудан басшылары, мемлекеттік және жеке білім беру құрылымдарының жетекшілері, сондай-ақ мегаполистің үздік мұғалімдері қатысты.

«Президент өзінің халыққа арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында білімнің зор маңызына тоқтала келіп: «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз ең алдымен жоғары білімді ұлт болуымыз керек» деп ерекше атап өткен еді. Біздің қаламызда «Алматы қаласында Білімді дамыту жылы» аясында жүзеге асқан барлық шаралар ең маңызды мәселе - оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталды» - деді Ахметжан Есімов.

Мегаполисте 2014 жылы 800 орынды 5 жаңа бала бақша, «Жас қанат» ықшам ауданында 1200 орынды жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді, «Таулы қырат» ықшам ауданында физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. «Қалқаман» ықшам ауданында химиялық-биологиялық бағыттағы 900 орынды тағы бір зияткерлік мектептің құрылысы аяқталды.Білім саласының 19 обьектісін жөндеуге, абаттандыруға және сейсмикалық төзімділігін күшейтуге 5,9 млрд.теңге, ал білім ошақтарын компьютерлендіру,интерактивті жабдықтармен қамтамасыз етуге 1,4 млрд.теңге жұмсалды.Мектептер үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдар алуға өткен жылы жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді, соның арқасында қала мектептерінің барлық оқушылары тегін оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

Әкім жалпыұлттық рейтингте қаланың үнемі алдыңғы қатардан көрінуі алматылық педагогтардың ерен еңбегі екендігін атап өтті. Қала оқушыларының командасы республикалық олимпиадада жалпыкомандалық есеп бойынша тағы да бірінші орынды иеленді, сонымен қатар республикалық ғылыми жарыстарда жеңімпаз атанды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 280 жүлделі орындарды жеңіп алынды.

«Сіздер оқушыларыңыздың білім сапасын арттырып қана қоймай, еліміздің үздік педагогтары қатарына еніп, жеке өнеге де көрсетіп жүрсіздер», - деді Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы мыңдаған креативті және дарынды ұстаздар 300 мың теңге көлемінде бір реттік сыйақымен марапатталды.

Сөзінің соңында әкім білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар тапсырмаларды атады. Қала басшысы білім берудің әлемдік тәжірибесіне біртіндеп өту, Алматы аумағында жұмыс істейтін жетекші шетелдік мектептердің тәжірибесі мен әдістемесін игеру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар колледждерге іс жүзінде өзінің тиімділігін көрсетіп отырған білім берудің дуальді жүйесін енгізуді тапсырды.

29.01.2015