A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30 маусым. Алматыда үш ресми жағажай пайда болды

Алматы тұрғындары соңғы бес жылда алғаш рет Үлкен Алматы каналында суға түсу мүмкіндігіне ие болмақ. Осы жылдар аралығылында Үлкен Алматы каналында су берілмеген - бұл жерде кеңес кезеңінен бері келе жатқан күтімсіз қалған үш жағажайды абаттандыру және гидротехникалық құрылысты қайта құру жұмыстары жүргізілген болатын. Бұл «Пархач», «Баум тоғайы» және «Гүлдер» жағажайы, деп хабарлайды AlmatyNews АА-нің тілшісі.

Қазіргі таңда жағажайлар толығымен абаттандырылған. Судың сапасына тазалық-індет мамандары баға бергеннен кейін алдағы уақытта суға шомылу маусымы ашылады. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінің айтуынша, қала тұрғындары қауіптенетіндей жағдай жоқ - бұл "Барторғай" қоймасынан берілетін таза тау суы. Каналдың түбі тегіс, тереңдігі - шамамен екі метр. Тәулік бойы күзетіледі және әр жағажайда құтқару қызметі ұйымдастырылған. Айтуларынша, бұл жерлерде тек салқындатылған сусындар сатылмақ. Демалушыларға шезлонг тегін таратылады.

Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының қалалық бөлігінің ұзындығы қазіргі таңда 23,1 шақырымды құрайды. Ол жерде үш шлюз және 15 шандор бар. Каналда құрылыс жұмыстары 2008 жылы басталған. Үш жағажайды қалпына келтіру үшін шамамен 400 млн теңге кеткен.

«Бұл жер қоқыс үйіндісі болған. Бетоннан жасалған тақталар, құлама жерлер, көпірлердің жағдайы көңіл көншітпейтін. Сонымен қатар, ешқандай шағын сәулет нысандары, жарық, инфрақұрылыс болған жоқ», - деді Алматы қ. табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айдын Темешев.

Үлкен Алматы каналын тазарту жұмыстарымен «Алматыэкологқұрылыс» МҚК 40 қызметкері айналысады, сонымен қатар, 6 арнайы техника жұмылдырылған. «Пархач» жағажайы Рысқұлов пен Волочаевская көшелері орналасқан аймақта, «Баум тоғайы» Сүйінбай даңғылы және Сейфуллин көшелері орналасқан аймақта орын тепкен. Ал, «Гүлдер» жағажайын Жансүгіров пен Омаров көшелері қиылысынан табуға болады.

30.06.2015