A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда экологиялық таза көліктің үлесі артуда

Бүгін қалада экологиялық таза отын- газбен жүретін 100 жаңа автобус жолаушы тасымалдай бастады. Экоавтобустардың тұсаукесер рәсіміне қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Премьер- министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және Европаның қайта құру және даму банкінің өкілдері қатысты.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы үшін муниципиалды автобус паркін құру идеясының маңызы зор екендігін әрі оны қала тұрғындарының қолдағандығын атап өтті.

«Бүгінгі күні электрэнергиясымен және газбен жұмыс істейтін көлік саны 850 бірлікке жетті және қаланың қоғамдық көлігінің тең жартысын құрайды. 10 км жер жүруге кететін газдың бағасы бензиннен 40%-ға арзан. Бұл формула бізде игерілген әрі қарай да осы әдіспен жұмы істей беретін боламыз. Демек, автобустар эколгиялық жағынан таза болуымен қатар экономикалық жағынан да өте тиімді. Мұны біздің қалалықтар та сезіне бастады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Қала басшысы 2014 жылы 260 млн. астам жолаушы тасымалданғанын, бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артық екендігін айтты. Калада экологиялық таза автокөліктің жалпы саны 70%-ды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, газбен жүретін муниципалды автобус паркін құру жобасы Европаның қайта құру және даму банкімен бірге жүзеге асуда, қаржыны қайтару кестеге сай жүруде.

Анықтама:

«Алматыэлектротранс» ЖШС-тің №2 муниципиалды автобус паркінің 120 орынды жеке жатахқанасы бар, мұнда автобус паркінің жүргізушілері тұрады. Парк «Алматы жолаушы көлігі және технология колледжі» МКҚ-мен бірлесіп жұмыс істейді, Аталған оқу орны қаланың жолаушы көлігі кәсіпорындары үшін мамандар даярлайды.

30.01.2015