A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Алматылықтар бұл күні 50-ден астам өнім түрлерін (ет, сүт, жеміс, көкөніс, ұн, жарма, өсімдік және мал майы) базардағыдан 15-20 пайызға төмен бағаға сатып алды.

Жәрмеңкедегі өнімдердің сапасын Алматы әкім Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бағалады.

Мегаполис басшысы Жамбыл облысы тауар өндірушілер өнімінің алматылықтарға қажет екендігін жеткізді.

«Маңыздысы - алматылықтардың құны төмен әрі сапасы жақсы тауар алуында. Мұндай жәрмеңкелер бәсекені тудырады және Алматының сауда нүктелеріндегі өнім бағасын тұрақтандыруға ықпал етеді», - деді Ахметжан Есімов.

Қала тұрғындары мен қонақтарына 168 тонна жеміс, жидек, көкөніс, 35 тонна ет, 14 тонна сүт өнімдері, 26 тонна өзге де тауарлар, жалпы құны 80 млн. теңгеден асатын ауылшаурашылық өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 10 ауданының фермерлері мен агрооқызметкерлері қатысып, мегаполиске 243 тонна экологиялық таза және сапалы өнім жеткізді.

Бұлардан өзге аталған жәрмеңкеге Алматының сауда орындары және 60 - тан астам азық- түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындары мен «Алматы» ӘКК қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, қала өнім бағасын тұрақтандыру мақсатында мұндай жәрмеңкелер 7 жыл өтуде.

30.05.2015