A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 6 қараша. Сарапшылар мен ҮЕҰ-дар Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасын талқылады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

6 қараша. Сарапшылар мен ҮЕҰ-дар Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасын талқылады

Бүгін Алматыда Азаматтық форум аясында ҮЕҰ-дар өкілдері мен сарапшылар қауымдастығы Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасын талқылады.

Алматы әкімі мемлекеттік органдардың ашықтығы Елбасының бес институционалды реформасы мен Ұлт Жоспары «100 нақты қадамның» бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті. Осы мақсатта жасалған құжат жобасы көпшілік талқысына ұсынылды.

Шара аясында Бағдарламаның жеті негізгі бағыттары: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капитал, интеграцияланған қала, белсенді азаматтар қаласы бойынша секциялық жиындар өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «МcKinsey&Company» компаниясының қатысуымен жасалған Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму Бағдарламасының жобасы қала әкімдігінің almaty.gov.kz. ресми сайтында жарияланды.

Атап өтерлік жайт, IX Азаматтық форумы Алматы қаласының даму Бағдарламасын бір ай бойына талқылаудың бастауы болып отыр.Жалпы, құжатпен танысуға және пікірлерін білдіруге ниет еткен жандардың барлығы өз ұсыныстары мен толықтыруларын мына almaty2020@a-a.kz. электронды поштаға жібере алады.


06.11.2015