A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 7 мамыр. Отан қорғаушы күні ҚР ҚК-нің қатарын 800 алматылық әскерге шақырылушы толықтырды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

7 мамыр. Отан қорғаушы күні ҚР ҚК-нің қатарын 800 алматылық әскерге шақырылушы толықтырды

Алматыда Отан қорғаушы күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында өткен «Еске алу» атты әскери-патриоттық шарамен басталды, саябақ аумағына соғыс техникалары, әскери киім мен қару-жарақ қойылды.

Мерекелік шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҰОС ардагерлері, қарулы күштер ведомостволарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әскери училище оқушылары қатысты.

Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шараға қатысушыларға LED-экранынан Астана қаласының «Қазақ елі» алаңында өтіп жатқан әскери шеруден тікелей видотрансляция көрсетілді. Қазақ армиясының күш-қуаты, айбыны мен айбары паш етілді. Қала басшысы Отан қорғаушылардың тарихи және патриоттық миссиясының маңызын атап өтті.

«Барлық уақытта туған мемлекетінің мүддесін қорғау ержүрек және күшті жандардың абыройлы ісі болуда, олардың Отанға деген шынайы сүйіспеншілігі, патриотизмі, әскери міндетке деген адалдығы көңіл қуантады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей: «Армия - біздің тәуелсіз мемлекетіміздің сенімді қорғаны. Оны қолда мықты ұстау - қасиетті міндет қана емес, сонымен қатар үлкен құрмет!», - деді Ахметжан Есімов.

Осы ретте Алматы әкімі ҚР Қарулы күштерінің қатары әскерге жаңадан шақырылған 800 алматылықпен толығатынын атап өтті. Мегаполис басшысы жастар арасында идеялық-тәрбие, салауатты өмір салты сынды тәрбиелік және патриоттық маңызы зор жұмыстарды барынша күшейту қажеттігін атап өтті.

Шара соңында Ахметжан Есімов әскерге жаңа шақырылғандарға табыс, батылдық пен сабырлылық тіледі. Сонымен қатар, ҰОС ардагерлерін алдағы болатын Ұлы Жеңіс күнінің 70 жылдығымен құттықтады.

07.05.2015