A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • А.Есімов - мемлекеттік кірістер департаментіне мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды ерекше бақылауға алу қажет
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

А.Есимов - департаменту госдоходов необходимо взять под особый контроль использование мер господдержки
А.Есімов - мемлекеттік кірістер департаментіне мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды ерекше бақылауға алу қажет

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалығымен ҚР қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мемлекеттік кірістер департаменті жұмысы бойынша жиналыс өтті. Алқалы жиынға мүдделі ведомствоның өкілдері, бағдарлама әкімшілері, кеден делдалдары мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Марат Сұлтанғазиев құрамына салық және кеден департаменттері кірген жаңа ведомство жұмысының негізгі бағыттарын айтып берді. Оның сөзінше, Департаменттің міндетіне салық және кедендік түсімдерді толық қамтамасыз етуден өзге, бәсекеге қабілетті бизнес орта құру және кәсіпкерлікке ыңғайлы тең жағдай жасау кіреді.

Алматы әкімі қазіргі уақытта жаһандық экономика мен геосаясатта түрлі қауіп-қатерлер бар, оларды елемей қоюға болмайды деп атап өтті.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысы түбегейлі дағдарысты болдырмау мақсатында алдын ала нақты бағдарлама әрекеттері қамтылған Қазақстан халқына арнаған өз Жолдауын жариялады. Басымды жеті бағыт анықталған болатын. Олардың іске асырылуы үшін ел экономикасына Ұлттық қордан қаржы бөлінетін болады», - деді Ахметжан Есімов.

Шаһар басшысы біріккен салық және кеден құрылымын құрудағы реформаның басты мақсаты бизнестегі әкімшілік ауыртпашылық пен түрлі барьерлерді қажетінше азайту және азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қала әкімі салық қызметі жұмысының анағұрлым реттелгенін және айқын бола бастағанын атап өтті. Түсімдер көбейді, қызмет көрсету – жақсы дәрежеде. Жылжымайтын мүлік пен жер салығы есебінен жергілікті бюджетке түскен салықтан қор жиналған. Тек Наурызбай ауданы бойынша 365 тіркелмеген нысан анықталды.

Сонымен бірге, мәжілісте атап өтілгендей, кедендік төлемдерді қысқарту үрдісі мен жыл сайынғы сыртқы саудалық айналымның төмендеуі байқалады. Мәселен ұлттық валютаның 20%-ға құнсызданғанына қарамастан, кедендік төлемдердің өсімі ағымдағы жылы тек 9%-ды құрады.

«Департамент бизнеспен кері байланысты ретке келтіруі тиіс. Тиімді диалогты орнатып, кәсіпкерлермен кездесулерді ұйымдастыруы керек. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы («ҮИИДМБ») және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануды ерекше бақылауға алу қажет. 2015, 2016 және 2017 жылдары Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд. АҚШ доллары бөлінетінін есепке алсақ, бұл жұмыс одан әрі маңызды болуда», - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, Департаментті қалалық дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында үлкен жұмыс күтіп тұр. Өткен жылдың басынан бастап, мемлекеттік сатып алу тендерлерінің жеңімпаздарына жергілікті бюджеттен 206 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жалпы айналымы 1,5 жыл ішінде 1,5 трлн. теңгені құраса, төленген салық 70 млрд. теңгені ғана құрады. Осылайша, салықтық жүктеме коэффициенті 4%-дан кем болды. Ал бюджеттік ұйымдар 10%-дан астам салық төлейді.

Қала басшысы экономикалық тергеу бойынша блоктың жұмысына бөлек тоқтап өтті.

«Үстіміздегі жылы 3 мың қозғалған қылмыстық істің 2,5 мыңы тоқтатылды. Демек оларды тоқтату жолдары табылып жатыр. Жұмыс құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту мен оған жол бермеуге негізделу керек. Ал қылмыстық қудалау айрықша шараға айналуы тиіс», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан басқа, қала басшысы Департаментке бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, салықтық және кедендік төлемдер бойынша үстіміздегі жылдың соңына дейін мақсатты көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердің бірігуін аяқтау, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуды нығайту.

20.11.2014