A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 24 маусым. А.Есімов - «Аймақтарды машиналардан арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құрған жөн»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24 маусым. А.Есімов - «Аймақтарды машиналардан арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құрған жөн»

Айналасында машина көп Алматыда болашақта ұтымды көлік жүйесі бар әрі адамдардың демалуына қолайлы қоғамдық кеңістіктер пайда болмақ. Бүгін бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов «Gehl Architects» атты дат компаниясы Алматы мен облыс үшін жасаған «Қоғамдық кеңістік – Қоғамдық өмір» деп аталатын қорытынды құжатты талқылау барысында айтты. Бүкіл әлемге танымал урбанист Ян Гейлдің ұсыныстарымен оның орынбасары Рикардо Марини таныстырды.

«Біз бұл бағыттағы жұмысты бастап та кеттік, әр ауданда қалалықтардың демалуы үшін эксперименталді алаңдар пайда болуда. Мұның барлығы көлік қозғалысымен байланысты, олар - қоғамдық көлікті дамыту, автотұрақтар және басқалары. Жалпы, аймақтарды машиналардан арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құрған жөн», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы мегаполистің бірқатар көшелерінде тек қоғамдық көлік қана жүретін жолдардың болатындығын айтты. Естеріңізге сала кетейік, осындай арнайы жолағы бар жол Абай даңғылының бойында биылғы жылдың 15 маусымынан бастап жұмыс істеуде.

Өз кезегінде Рикардо Марини алматылықтар мен туристер үшін қаланы барынша жайлы ету жөнінде өз ұсыныстарын айтты.Урбанист кеңістікті программдау барысында алдыңғы кезекке мегаполистің ұтымды активтеріне айналған метроны көрсетуді, жасыл желекті одан әрі дамытуды, оларды саябақтармен жалғастыруды ұсынды.

«Алматы – әсем қала, бірақ оның сұлулығы сәл жасырын қалған, мына тауларды, ағаштар мен сарқырап ағып жатқан ағын суларды айшықтай түскен жөн. Мен Көк базар мен Жібек жолы даңғылын тарихи орынға айналдыруды, ал қала орталығы мен Әл- Фараби даңғылының бойында жер үсті жүргінші жолдарын көбейтуді ұсынар едім. «Астана» алаңындағы ұсқынсыз көлік тұрақтарын жойып, жасыл желектерді ғимараттарға жақындатып, ол жерлерге уақытша мебельдер қойған дұрыс болар еді» , - деп атап өтті Рикардо Марини.

Шара соңында мегаполис басшысы «Алматы- адамдар үшін жайлы қала» Концепциясын жүзеге асыру үшін профильді қызметтер мен ведомостволар басшыларына дайындық жұмыстарының жоспарын жасап, ұсынуды тапсырды.

24.06.2015