A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсіруге жол бермеуді тапсырды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өсіруге жол бермеуді тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің ірі дүкендерін, дәріханалары мен базарларын аралады. Ол теңге девальвациясынан кейін халық тұтынатын тауарлардың бағаларын тексерді.

Шара Мемлекет басшысының бағаның күрт жоғарылауына жол бермеу жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Мегаполис басшысы қаланың тарихи орталығындағы «Көк базарда», «Сары арқада» және аптекалар мен «Беккер и К» фирмалық магазиннің дүкендерінде болды.

Аталған нысандардың басшылары қала әкіміне теңге бағамының төмендегеніне қарамастан әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының бұрынғы деңгейде қалатындығын айтты. Қала қоймаларында бірінші кезекте қажет тауарлар мен бензин қоры жеткілікті. Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде Қазақстан жаңа ақша- несие саясатына енді, валюталық дәліз алынып тасталып, теңге бағамы еркіндікке жіберді.

«Біз барлық мүмкін заңдылықтарды қолдана отырып, бағаның өсуіне, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнының артуына жол бермейміз», - деді Бауыржан Байбек.

Өзіңнің жұмыс сапарынан соң қала әкімі арнайы жиын өткізіп, қаланың барлық тиісті құрылымдарына бағаның көтерілуін бақылауды және алыпсатарлыққа жол бермеуді тапсырды. Негізінен, қала басшысы азық-түлік және бірінші кезекте қажет тауарларға қойылған бағаны қатаң бақылау қажеттігін қадап тұрып айтты. Ол үшін барлық заңды механизмдерді қолданып, базардағылармен қоян-қолтық жұмыс істеу керектігін атап өтті.

Осы мәселе жөніндегі жағдай әкімге күніне екі рет баяндалады. Мәселенің барысын Алматы әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов бақылайтын болады. Естеріңізге сала кетейік, қаланың барлық аудандарында экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік шиеленістің алдын алу жөнінде жұмысшы топтары құрылды, азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтергендер жөнінде хабарлау үшін сенім телефондары жұмыс істеуде.

23.08.2015