A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы әкімі Универсиаданың екінші жарыс күніндегі жеңімпаздарды марапаттауға қатысты
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Универсиаданың екінші жарыс күніндегі жеңімпаздарды марапаттауға қатысты

Алматы әкімі Бауыржан Байбек 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың екінші жарыс күніндегі чемпиондар мен жүлдегерлерді марапттау салтанатына қатысты.

Фристайл бойынша командалық біріншілікте суырылып алға шыққан Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек, биатлон жарысының жеңімпазы Алина Райкова мен күміс жүлдегер Галина Вишневская, сонымен қатар конькиймен жүгіру спортының күміс жүлдегері Екатерина Аидова, шаңғымен жүгірудің күміс жүлдегері Анна Шевченко өздерінің лайықты марапаттарын алды.

Универсиаданың екінші жарыс күніндегі жеңімпаздарды марапттау шарасы Республика Сарайы алдындағы «Medal Plaza» сахнасында өтті әрі мәдени бағдарлама барыншы қызықты болды.




«Салтанат» халықтық би ансамблі интернационалдық хореографиялық композицияны ұсынды, яғни бишілердің әрқайсысы Универсиадаға қатысушы елдің ұлттық киімдерімен өнер көрсетті, «Биле, Казахстан» ТВ-шоудың үздік бишілері тау шаңғысы спортынан хореографи ялық қойылымды көрсетті. «АYUMI» тобы да көпшіліктің көңілін көтеретін хиттарын орындады. Кеш барысында аспанға «Тілектер ағашы» ұшырылды, қонақтар арнайы ленталарға өздерінің арман- тілектерін жазды.

Екінші медальды күннің салтанатты шарасына екі мыңға жуық адам қатысты.

01.02.2017