A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия Республикасының Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Қазақстандағы Индонезия Республикасының Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандғы Индонезия Республикасының Елшісі  Фостер Гултоммен кездесті. Тараптар екіжақты сауда- экномикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында мегаполис әкімі Алматы үшін Индонезияның туристік кластерді дамыту жөніндегі тәжірибесінің берері мол екендігін, ал индонезиялық бизнесмендерді Алатау ауданындағы Индустриалды аймақ пен «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қызметі қызықтыратынын атап өтті.

Индонезия  Елшісі Фостер Гултом өз кезегінде Алматының бизнес- ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыстар атқарып келе жатқанын,  иневсторлардың, соның ішінде Индонезиядан да келгендігін  айтты.

«Біз жаңа туристік бағыттарды қарастырудамыз, екі  ел арасында тікелей әуе қатынасы жоқ, соған қарамастан  Алматыға деген қызығушылық артуда», - деді Фостер Гултом.

Бүгінгі күні тараптар арасында білім  саласы бойынша ынтымақтастық дамып келеді. Индонезиялық «Гунадарма» Университеті, есептеу техникасы мен информатика Ассоциациясы  (APTIKOM) мен Қонаев атындағы Евразиялық заң академиясы, Қыздар Университеті және қазақстандық басқа да ЖОО арасында меморандумдарға қол қойылды.

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

18.01.2017