A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 7 мамыр. Алматылықтар Отан қорғаушы күні мен ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығын велошерумен атап өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

7 мамыр. Алматылықтар Отан қорғаушы күні мен ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығын велошерумен атап өтті

Алматыда Отан қорғаушы күнінде және ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында велошеру өтті.

Аталған спорттық шараға Алматы әкімі Ахметжан Есімов, велоқоғамдастық өкілдері, оқу орындарының студенттері, велошеруге қызыққан барлық қалалықтар қатысты.

Қала әкімі Ахметжан Есімов пен УЕФА-ның екі дүркін иегерлері, «Қайрат» Алматы футзалының ойыншылары мәреге жеткен жеңімпаздарға бағалы және ескерткіш сыйлықтарды табыс етті.

«Бүгін Жеңіс күніне арналған велошеруге қатысқан велоспорт әуесқойларының саны көп. Өздерінің осы істері арқылы жастар аға ұрпаққа - алапат соғыста Ұлы Жеңіске жеткен аталар мен әкелер рухына тағзым етеді. Бүгін біздің қатарымызда европалық футбол аренасының жеңімпаздары да бар, олар Президент сайлауы күні атақты Барселона сынды қарсыластарын финалдық матчта тізе бүктіріп, жеңіске жетті. Жеңістен соң команда Алматыға УЕФА-ның нағыз кубогін әкелді», - деді Ахметжан Есімов.

Бұл күнгі велошеруге үш мыңнан астам адам қатысты, статистикалық мәлімет көрсеткеніндей, жарысқа қатысушылар қатары күн санап өсіп келеді. Жарыс соңында «Қайрат» АФК ойыншыларының қолтаңбасы бар футбол доптары мен мойынорағыштар ойналды. Сонымен қатар, «Студентік көктем - 2015» байқауының жүлдегерлері марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ мемлекеттік қыздар педагогиалық университеті мен Қазақ Ұлттық техникалық университетінің командалары жалпы командалық сайыста бірінші, ал Абай атындағы ҚазПУ командасы екінші, Қазақ аграрлық университетінің командасы үшінші орынды иеленді.

Бұл күні Алматы қаласы оқушыларының арасында өткен «Ұлан» әскери-спорттық ойының жеңімпаздары да анықталды. Қаладағы №189 орта мектебінің командасы бірінші орынды иеленді, енді осы команда Қарағанды қаласында 28 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін сайыста Алматы қаласының намысын қорғайтын болады. Барлық жеңімпаздарға Кубоктар мен ескерткіш сыйлықтар берілді.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

07.05.2015