A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «БЖЗҚ» АҚ алушы/салымшыларды, оқушылар мен студенттерді «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

«БЖЗҚ» АҚ алушы/салымшыларды, оқушылар мен студенттерді «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының 2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады. Шараға салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысады. Шара барысында қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын айтып береді, қор қызметтеріне жүгіну, салымшылар және алушыларды қормен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады.

Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы, telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады. Шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында kahoot-викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталады.

Барлық ниет білдірушілер мен БАҚ өкілдерін 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласы филалында күтеміз.

  • №1 бөлімше Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ы/а, Төле би көшесі, 15 «Б»
  • №6 бөлімше Алматы қ., Медеу ауданы, Толебаева, 38/61 көшесі, литера «В» (Қонаев көшесі, Мақатаев көшесінің қиылысы)
  • №7 бөлімше Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко көшесі, 153/1, (Әуезов көшесінің қиылысы)

Байланыс үшін - Бимурзаева Айгуль Амангельдиевна

Телефондары - 8 727 330 98 38, 7 7077609190



15.11.2018