2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • 3 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

3 маусым күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы

Кіреберістер мен аулалар бойынша

3 маусымға жоспарланған 8363 кіреберіс (3038 үйде) және 1440 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 444 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75,1  мың литр дайын ерітінді қолданылды.

3 маусымдағы заласыздардырудың үшінші күні жоспар бойынша 2703 үйдің 7442 кіреберісі мен 1348 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 433 адамы бар 62 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

2 маусым күні 4 937 мың шаршы метр көше, оның ішінде 543 сауда нысандарының, 42 медицина мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының  (Алатау ауданы– 39, Алмалы ауданы – 86, Әуезов ауданы – 70, Бостандық ауданы – 29, Жетісу ауданы – 74, Медеу ауданы – 87, Наурызбай ауданы – 37, Турксіб ауданы – 165) кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 806 мың шаршы метр тротуарлар және 1149 басқа да нысандар, 201 контейнерлік алаң мен 987 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медицина мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіреберістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдері) жуу және дезинфекциялау үшін: – 141 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 74 бірлік); – 1190 жол жұмысшысы (оның ішінде 134 дезинфектор). 560 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 25 954  мың литр ерітінді қолданылды).

Сонымен қатар, 215 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады. 3 маусым күнгі жоспарлы жұмыстар: – 139 бірлік арнайы техника (оның ішінде 71 бірлік дезинфекцияға); – 1211 жол жұмысшысы (оның ішінде 133 дезинфектор).

Контейнер алаңдарын өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

                                     


03.06.2020