A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматының қала құрылысы кеңесі бірқатар нысандар құрылысын бекітті

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен қала құрылысы кеңесінің отырысы болып өтіп, онда құрамында тұрғын кешені, сауда орталықтары, оқу корпусы бар қала инфрақұрылымының алты нысанының құрылысы мақұлданды. Бұл жобалардың бірі Тұлпар сауда орталығы Алмалы ауданындағы Төле би көшесінің бойында жұмыс жасап жатқан базар аумағына салынады.

«Алматыда басты міндеттердің бірі базарларды модернизациялау әрі қарай жалғаса береді. Бүгінгі күні қалада бизнесмендердің 35 пайызы саудамен айналысады. Бұрынғы «барахолка» орнында лайықты қалалық инфрақұрылым жұмыс жасауда. Біз саудамен айналысатындар үшін замануи сауда орталықтарын салатын боламыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Алматының қала құрылысы кеңесі Жетісу ауданында бой көтеретін жерасты паркингі бар автомобильдерді сатумен айналысатын нысан құрылысы да бекітті. Алмалы ауданында «Евразия технология университетінің» қосымша корпусы салынады. Бостандық ауданында «Казхиммонтаж холдинг» АҚ-ы өз нысанын қайта жасап, өз аумағында №22 мектеп- гиназия үшін асхана салады. Осы ауданда жер асты паркингі бар «Комфорт» тұрғын кешені бой көтереді, ал Медеу ауданында бала бақшасы бар көпфункционалды тұрғын үй салынбақ. Атап өтерлік жайт, Медеу ауданында салынуы тиіс жер асты паркингі, бала бақшасы бар «Көркем Парк» кешенінің құрылысын қала құрылысы кеңесінің мүшелері мақұлдамады, себебі жобада мектеп құрылысы ескерілмеген.

Барлық бекітілген жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асатын болады.

05.09.2015