A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Департаментінің Түрксіб аудандық бөлімшесі хабарлайды:

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес, 2018ж.  2027ж. дейін әйелдердің зейнетақы жасының кезеңімен жоғарылауын көздейтін, норма 2018 жылдың 01- қаңтарынан  бастап күшіне енеді.

2018 жылдың 01-шілдесінен бастап, зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнетақы жасына жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай әйел адамдар үшін.

Жоғарыда айтылған өзгерістер жайлы және зейнетақыға құқығы бар әйелдерді Халыққа қызмет көрсету орталығында, туған күніне 1 ай бұрын келіп құжаттарын тексертуге болады. Тексеріс кезінде өзімен бірге тиісті құжаттар керек (диплом, еңбек кітапшасы, еңбек ақы туралы анықтама, балаларыныздың туу туралы куәлігі және т.б.).

Толық құжаттармен туған куніне 10 күн бұрын келіп, зейнетақы тағайындау арызын тапсыруға болады. 

Байланыс телефоны: 330-73-00, 330-73-01

Мекен жайы: Алматы қаласы, Тынышбаев көшесі, 3А үй.

 Жұмыс кестесі : сағат 9:00-ден  20:00-дейін.

04.12.2017