A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

ЖСН символдары туған күнімен сәйкес келмеуі– қате емес

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы»Заңының 1-бабына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi (әрі қарай –ЖСН)- жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген «Сәйкестендірунөмірін қалыптастыру»Ережесінің 3-тармақшасының 1-тармағына сәйкес ЖСН 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, сондай-ақ, жеке басты куәландыратын (туу туралы куәлік, ҚРазаматының паспорты, ҚРазаматының жеке куәлігі, шетелдіктің ҚРтұруына ықтиярхат және т.б.)құжаттарды беру кезінде жеке тұлғаға құрылады.

Бұрын 2013жылға дейін аталған Ережемен ЖСН қалыптастыру және оқылу алгоритмі жеке тұлғаның туған күнiн, жынысын қамтыған болатын.

ҚРҮкіметінің 26.08.2013 жылғы № 853 қаулысымен бұл Ережеге өзгерістер енгізіліп, ЖСН сандық мәліметтерін азаматтардың дербес деректеріне байланыстыру алынып тасталды.

ЖСН қалыптастыру алгоритмі және оның құрылымы тек техникалық мәні бар, ол бала (қыз) асырап алудан басқа жағдайда, бастапқы қалпынан қандайда бір өзгертуге немесе түрлендіруге жатпайды.

Осылайша,ЖСН символдары туған күнiмен сәйкес келмеуі қате болып табылмайды.

Мемлекеттік органдарымен және басқа да мекемелермен ЖСН нөмірлерінің дұрыс еместігі негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді.

 

 

 

 

 

 

 

11.04.2019