A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәселелер аудан әкімдігі отырысында қаралды.Үстіміздегі жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының жүзеге асырылуы туралы мәселе қаралды. Жоспардың әрекет ету мерзімі барысында барлық ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқару органдарының басшылары өздері басқаратын мекемелерде мемлекеттік қызметкерлердің ар-намысы Кодексін сақтау мәселелері туралы әкімдіктің отырыстарында есеп береді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу,орындаушылық тәртібін сақтау мәселелері қаралды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз қоғам мен мемлекеттің құлдырауына әкеп соғатын кері әлеуметтік құбылыспен күресу.Жақында ғана мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейтуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарастырылған жауапкершілікті қатайтуға, сыбайлас   жемқорлық құқық бұзушылық жасау үшін жағдай тудыратын нормаларды алып тастауға бағытталған түзетулер енгізілді.

Біздің мемлекетіміз басқа да елдер секілді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізеді.Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттері бойынша заңнаманы қабылдаған және осы мәселелер бойынша халықаралық конвенцияларға қосылған, ТМО мемлекеттері ішіндегі алғашқылардың бірі болды.

Қазіргі таңда Заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға,сыбайлас жемқорлық көріністерінен шығатын қатерлерден мемлекеттік функцияларды орындайтын лауазымды және басқа да,сонымен қатар оларға теңестірілген тұлғалардың, мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуін ескерту, анықтау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықты ашу жәге болдырмау,олардың салдарын жою және кінәлілерді жауаптылыққа тарту түрінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін анықтайды,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық түрлерін белгілейді, сонымен қатар жауаптылық жағдайын белгілейді.

Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі және азаматтар мен қоғамның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудегі күштерін үлестіруді арттыру үшін «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» өкілімен өзара ұйымдастырылған бірлескен семинар-кеңестер өткізіледі.

 

 

                                                                                                                     Алматы қаласы

                                                                                                                     Түрксіб аудандық

                                                                                                                       Әділет басқармасы

 

 

15.05.2019