A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі» индикаторлары бойынша Әділет органдарының жұмысы туралы
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі» индикаторлары бойынша Әділет органдарының жұмысы туралы

«Әділет органдары туралы» Заңға сәйкес әдiлет органдарының мiндеттерi, ол жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының Егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу болып табылады.

  Қазақстанда орта есеппен жылына 64 заң жобалары әзірленуде. Сонымен, 2014 жылмен 2016 жылы кезеңі аралығында Қазақстан Республикасында 198 заң жобасы әзірленген, оның ішінде 2014 жыл – 78, 2015 жылы – 83, 2016 жылы – 37.

Министрлікпен заңнамалық актілер жобаларын дайындаудың ұзақ мерзімді жоспарлау мақсатында заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспары әзірленуде. Аталған жоспар Қазақстан Республикасы Парламенті кезекті шақырылым кезеңінде қабылданады және заңнаманың саласын (аясын) көрсетеді, осының шеңберінде Қазақстан Республикасының Парламент сессияларының бөлігінде заңнамалық актілер жобаларын дайындау көзделіп отыр.

 Маңызды факт болып, соңғы жылдар ішінде барлық заң жобалау ағымдағы жұмысының 100% орындаулы байқалады.

«Меншік құқығы», «Әкімшілік реттеуді дауласудағы заңнаманың тиімділігі», «Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі» индикаторлары бойынша Министрлік жауапты ретінде анықталған.

 «Меншік құқығы», «Әкімшілік реттеуді дауласудағы заңнаманың тиімділігі», «Заңнаманың даулы мәселелерді шешудегі тиімділігі» индикторлары азаматтардың заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең (Конституцияның 14-бабы), жеке меншік құқығын қорғау (Конституцияның 6 және 26-баптары), тұрғын үйге қол сұғылмаушылық (Конституцияның 25-бабы),өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау (Конституцияның 13-бабы), азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуы, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуі (Конституцияның 33-бабы) сияқты құқықтары қағидаттарына негізделген конституциялық құқықтары мен босандықтарын іске асыруының және қорғалуының белгілі бір деңгейін көрсетеді.

Жоғарыда аталған барлық индикаторлар сауалнама болып табылады.

 

Алматы қаласы Түрксіб аудандық әділет басқармасының инспекторы Қоразов Абай Хабибуллаұлы

 

27.11.2018