A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурстың 1кезеңі өткізілуде.

Байқаудың мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға, ерлі-зайыптылық жауапкершілігінің маңыздылығын мойындау, балаларды тәрбиелеуде ата – ананың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады.

Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінем аудандық (қалалық) комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

1.Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2.Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4.Ата-аналарының біреугі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5. Балаларды тәрбилегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6. Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7. Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8.Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2019 жылдың                        1 сәуірінен 20 сәуіріне дейін Алматы қаласы, Түрксіб ауданы әкімінің аппаратына ұсыну қажет, мекен-жайы: Шолохов көшесі, 9; №202 бөлме. Байланыс телефоны: 223-11-15, 8 702 290 60 01.


Алматы қаласыәкімінің

2016 жылғы «06»05№ 44ө өкіміне

3 қосымша

   

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсындағы

 жеңімпаз отбасыларды айқындау

 КРИТЕРИЙЛЕРІ 

Қалалық және аудандық комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балаларының жетістіктері;

5) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетістіктері;

6) өздерінің шыққан тегін білуі (шежіре – ру тарихы);

7) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);

8) отбасының дарындары;

9) отбасының өмір сүру салты (салауатты өмір салты, бос уақыты және т.б.);

10) отбасының қоғамдағы беделі.

 

         

27.03.2019