A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

Б. Байбек - Алдағы жылу маусымына дайындық кешенді жүргізілуі тиіс

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек алдағы 2015-2016 жылдарғы жылу маусымына қала шаруашылығының дайындығын тексеруге қатысты көшпелі жиын өткізіп, электрмен және жылумен қамтамасыз ететін бірқатар нысандарда болды.

Оның барысында Әуезов ауданының аумағында орналасқан «Орбита» қазандығының екінші кезегін іске қосу туралы шешім қабылданды. Ол осы жылдың аяғына дейін іске қосылады. Естеріңізге сала кетейік, қажетті мөлшерде электрмен жабдықтаудың жоқтығы салдарынан проблема шешілмей келген. Қуаттылығы 300 Гкал/сағаттық 3 жаңа қазандықты іске қосу үшін «Мамыр» қосалқы станциясынан кабель желісі тартылып, монтаждалады. Қала басшысы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы жасаған жобаны мақұлдады, оны жүзеге асыру үшін бөлінуі тиіс қаржы көлемі 273 млн. теңге.

Әкім алдағы жылу маусымына кешенді дайындалуды атап өтті. Мысалы, биылғы жылдың 1 қазанына дейін бұқараны және құзырлы нысандарды тез арада хабардар ету үшін Бірыңғай диспетчерлік қызмет (БДҚ) іске қосылады. Бірыңғай диспетчерлік қызметте құтқару қызметінің call-орталықтары, өрт қауіпсіздігі, коммуналдық қызметтің диспетчерлік бөлімшелері, құқық қорғау органдары және басқалары үйлесім табады.Мегаполис басшысы 2015-2016 жылдардағы жылу маусымы қарсаңында муниципалды құрылымдық шараның ерекше маңызды екендігін атап өтті. Бұл құрылым қала және жалпы аудандар бойынша сараптамалық есеп жасауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы энергия көздерімен жабдықтаудың тиімділігін арттыру мақсатында коммуналды қызметтің, соның ішінде жарық пен судың ақысын төлемей жүргендердің тізімін БАҚ арқылы жария етуді ұсынды. Демек, енді олардың беделіне едәуір нұқсан келетін болады. Мамандардың айтуынша, коммуналдық қызметтің ақысын төлемегендермен жұмыс әкімшілік- соттық тәртіппен жүргізіледі.Бұл шаралар қала шаруашылығын алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарының кешені аясында жүзеге асады, себебі, көптеген энергия тасымалдайтын компаниялар шығынға ұшырауы мүмкін. Мегаполис басшысы қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмысына әсерін тигізетін коммуналдық ақы жөніндегі қарызды азайтудың нақтылы әрі жүйелі шараларын қабылдауды тапсырды. Энергетика және коммуналды қызмет басқармасының өкілдері профильді ведомстволардың жүйелі жүргізген жұмыстарының арқасында қалада коммуналдық төлем қарыздары 6 дан 3,2 млрд.теңгеге азайғандығын айтты. Жыл басынан бері 658,2 миллион теңгені өндіру үшін 624 адамға іздеу жарияланды, олардың 327-сі талапты орындап, олардан 142,7 миллион теңге өндірілді.

Нысандарды аралап болған соң «Алматының бас тазарту қондырғылары» сүзгі станциясының ұжымына 7 жаңа арнайы техника бірлігінің кілті тапсырылды.

Жаңа көліктер апатты жағдайлардың алдын алу мен оларды болдырмаудың басты кепілі болмақ.

16.09.2015